«Желтоқсанда Түркістан облысында 21 күндік оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Негізгі жұмыс жалпы дене дайындығына және спортшылардың күшін арттыруға бағытталған», — дедң ол.
Бапкердің айтуынша, келер жылы қыркүйектегі Азия ойындары — алдағы ең маңызды біріншілік.
«2026 жыл бойы қатысатын турнирлер мен жаттығу жиындары осы кешенді жарысқа дайындық есебінде болмақ. Қаңтарда Алматы облысында жаттығу жиынын өткізу жоспарланып отыр. Әрі қарай Еуропада өтетін бірнеше турнирге қатысамыз», — деді бас бапкер федерацияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Тегтер: спорт







