• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жаңа аудан жаңа сипатта болмақ

18.04.2017
0
Жаңа аудан жаңа сипатта болмақ
263
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев автобекет аумағынан бой көтеретін 14-ші шағын ауданның құрылыс жобасымен танысты.
«Қоғамдық келісім» мекемесінде аймақ басшысын жаңа шағын ауданның макетімен Ұлттық құрылыс саласы қауымдастығының төрағасы Мұхит Әзербаев таныстырды. Автобекет жанынан бой көтеретін ауданның жалпы аумағы 100 гектарды құрайды екен. Ол шағын ауданның 355 мың шаршы метрлік бөлігіне көп қабатты тұрғын үйлер салынатын болады. Ондағы пәтерлердің жалпы саны 5 мың 460-ты құрайды.16 мың тұрғынға шақталған ауданда 250 орындық 3 балабақша мен 1200 оқушыға арналған 2 орта мектеп, спорттық, медициналық, балаларды сауықтыру кешендері мен заманауи сауда нысандары бой көтермек. Мұхит Бақытұлы аталған шағын ауданға Абай көшесі арқылы баруға да болатынын айтады. Оның сөзінше, Сыпатай батыр көшесімен шектесіп жатқан Абай көшесінің құрылысы жалғастырылып, көлденең жатқан темір жолды қиып өту арқылы шағын ауданның арасымен Алматы -Ташкент бағытындағы үлкен жолға қосылады екен. Аталған көшенің бойына алдағы уақытта тұрғын үйлер салынатын көрінеді.

– Таныстырылып отырған жоба алғаш 2013 жылы қаралған болатын. Осыған дейін жоба бірнеше рет егжей-тегжейлі нақтыланып, көптеген өзгерістер енгізілді. Шағын аудан Алматы-Ташкент бағытындағы Тараз қаласына кіреберісі тұсынан салынады. Бұл жаңа шағын аудан әрі қаланың кіреберісі болғандықтан, жобада көп ерекшеліктерге мән беріліп отыр. Айта кетер бір өзгешелік, салынатын тұрғын үй, кинотеатрлар, мейрамханалар мен қонақ үйлер, сауда, спорттық-медициналық, сауықтыру кешендері секілді кез келген әлеуметтік нысан заманауи сәулеттік үлгіде тұрғызылатын болады. Аталған аумақта, сондай-ақ мұз алаңы, саябақтар да орналастырылады. Шағын аудан арқылы өтетін Абай көшесі мен Жамбыл даңғылының қиылысынан көрікті алаң ашылады. Жалпы мұнда барлығы 49 көп пәтерлі тұрғын үй салынады. Оның ішінде 27-сі – 5, 16-сы – 9, алтауы – 12 қабатты тұрғын үй, – дейді Мұхит Әзербаев.
Кәрім Нәсбекұлы аталған шағын ауданның құрылыс жобасымен танысқаннан кейін, онда негізінен жастар тұратынын тілге тиек етіп, ол шағын ауданды «Жастар қалашығы» деп атауды ұсынды. Сонымен қатар қалашыққа көрік қосу үшін саябақтардан бөлек, өзге де жерлерге субұрқақтар орнату, сауда үйлерін үлкен көшенің бойына емес, мейлінше тұрғын үйлерге жақын орналастыру керектігін жеткізіп, жобаға осы мәселелерге қатысты бірқатар түзетулер енгізуді тапсырды.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Тегтер: Жамбыл облысымкрТараз

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты