• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Таразда белсенді ұзақ өмірге арналған орталық іске қосылды

Әлеуметтік нысан бір мезетте 200 адамға қызмет көрсетуге арналған

15.12.2025
0
Таразда белсенді ұзақ өмірге арналған орталық іске қосылды
48
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter
Тараз қаласында қарттар мен зейнеткерлерге арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталығы салтанатты түрде пайдалануға берілді.
Заманауи нысанның ашылу рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
Әлеуметтік маңызы бар жоба облыс әкімдігінің қолдауымен, «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен демеушілердің қаржысы есебінен іске қосылды.
Өңір басшысы құттықтау сөзінде жаңа орталықтың аға буын өкілдерінің денсаулығын нығайтып, олардың күндерін шаттыққа бөлеп, өмірін белсенді әрі мазмұнды етуге қызмет ететініне сенім білдірді.
– Нысанның ашылуына қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ізгі бастамасы көпке үлгі. Қоғамның дамуына және әлеуметтік жобаларға бағытталған мұндай қолдау – еліміздегі бірлік пен өзара жанашырлықтың айқын көрінісі. Осы игі іске атсалысқан қор басшылығы мен барша қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз, – деді Ербол Қарашөкеев.
Мұнда барлығы 26 қызмет түрі ұсынылады. Дәрігер мен психолог кабинеттері, физиотерапия және массаж бөлмелері, тұзды шахта, йога және би залдары жұмыс істейді. Сондай-ақ үстел теннисі мен бильярдқа арналған арнайы залдар қарастырылған. Бұдан бөлек, ардагерлер қолөнермен шұғылданып, компьютер сыныбында ІТ технологиялардың қыр-сырын меңгере алады.
200 адамға қызмет көрсетуге арналған Ғимараттың жалпы ауданы – 1 875 шаршы метр. Орталықта 54 штат бірлігі қарастырылған.
– Еңселі ғимаратта ардагерлеріміз салауатты өмір салтын ұстанып, жастарға өнеге көрсетіп, бағыт-бағдар беруді жалғастырады. Осындай игі бастамалар үшін алғысымыз шексіз! – дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев .
Айта кетейік, бұл – зейнеткерлер тарапынан сұраныстың артуына байланысты Тараз қаласында ашылып отырған екінші орталық.
2023 жылы облыс орталығында 150 орындық «Белсенді ұзақ өмір» орталығы пайдалануға берілген болатын. Кейіннен Меркі ауданында 60 адамға арналған филиалы ашылды. Бүгінгі күнге дейін аталған орталықтарда 2 мыңға жуық зейнеткерге қызмет көрсетілді.
Жамбыл облысында қазіргі таңда 142 мыңнан астам зейнеткер бар. Оның 57 мыңнан астамы Тараз қаласында тұрады.
Тегтер: Жамбыл

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты