Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шараларды жүргізу» әлеуметтік маңызды жобасы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны тазартуға, көгалдандыруға баулу мақсатындағы шараның өтуіне Жамбыл облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысымен «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйытқы болды.
Тараз қаласы колледждерінің студенттері, «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының сарбаздары, белсенді жастар мен ұстаздар тазалық жұмыстары барысында саябақтағы талдарды әктеп, тал бұталарын кесіп, сыпырып, тазарту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жастар жиналған қоқыстарды жүк көлігіне тиеп, саябақты тазартты. Сенбілікке жастар белсене ат салысып, өздеріне тапсырылған жұмыстарды тиянақты аяқтады.
TURANINFO.KZ