Жетісу облысы 2023-2024 жылдары жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі бойынша республикада үздік шықты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өнім көлемі 2,2 трлн. теңгеге жетіп, 14,8% ұлғайды. Биылғы жылдың соңында жалпы өңірлік өнім 2,7 трлн. теңге болады деп ағынан жарылды облыс әкімі Бейбіт Исабаев.
Бейбіт Исабаевқа брифинг кезінде TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі бірнеше сауал қойған болатын
- Мақтанышпен айтып жатсыз барлық аудандарға жаңа көлік ссыйлаймыз деп, қандай көліктер және бағасы қандай, осы уақытқа дейін көліктері болған жоқ па?
Көлік болған жоқ. Шағын автобустар. Қытайда шығарылған. Бағасын қазір айта алмаймын. Жергілікті бюджет есебінен алынды.
- «Ақсу» қант зауыты бойынша түсініксіз жағдайлар орын алуда. Қарыз ақшалар қалды ма? Фермерлерге берілетін қант қызылшасы үшін субсидия беріліп бітті ме? Ашып анық айтып берсеңіз
Ашық анық айтайын, сізге. Әлеуметтік желіде шындыққа жанаспайтын ақпарат тарады. Былтыр «Жетісу» СПК» «Ақтөбе» СПК»-нан 1,2 млрд теңге түскен қант аламыз деп. Нарықта қант бағасы өсіп кетті де, «Ақтөбе» СПК» бас тартты. Зауыт қарыз ақшасын толық қайтарып берді. Бюджет шығын, заң бұзушылық болған жоқ. 2024 жылы субсидия толық көлемде төленді. 2025 жылы 10,5 млрд субсидия құрап, осы жылы бес млрд субсидия таратылып, қалғаны келесі қаңтар мен ақпан айларында төленетін болады.
- «Жетісу» футбол клубы соңынан санағанда үшінші орында. Көңіліңіз тола ма?
Жаттықтырушыларына құрамына, клуб жетекшілеріне өткен жылдың нәтижелері бойынша көңілім толмайды. Жалғыз мен емес «Жетісу» клубының жанкүйерлерінің де көңілі толмайды. Жекешелендіру бойынша екі үш үлкен компаниямен келіссөз бар. Әлі ерте. Футболымыз волейбол сияқты дамыса екен деген арман бар.
- Клуб басшылығы қызметтерінде қала ма?
Клуб басшысы Самат Смақов бас бапкер болмайды. Келесі аптада жаңа бапкермен келісімшартқа тұрамыз. Жақсы білесіздер, Қазақстанда ойнаған. команданың капитаны болған, Ұлттық құрамада ойнаған жас жігіт.
Жетісу облысында құрылыс қарқыны да қарқынды жүргізілуде. Ссоңғы үш жылда 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 13 498 отбасы жаңа қонысқа ие болды, оның 2 362-сі халықтың әлеуметтік осал топтарына, 388-і апатты тұрғын үйде тұратындарға берілді. Сонымен қатар аталған кезеңде жаңадан салынатын немесе жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарды жаңартудың деңгейі орта есеппен 55,8%-ды құрап, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы 276 нысан жаңартылды. «Осы аталған шаралардың барлығы түптеп келгенде, халықтың әл-ауқатын арттыруға және өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға тікелей ықпал ететін маңызды факторлар», — деді сөзінің қорытындысында Бейбіт Исабаев.







