• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:04
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қысқы Олимпиадада ел туын көтерген спортшылар

Келесі жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпия ойындары өтеді. Төрт жылдың басты додасы 2026 жылдың 6-22 ақпан күндеріне жоспарланған. Ақ қар мен көк мұз үстіндегі байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасының спортшылары да қатысады

turan_admin turan_admin
10.12.2025, 18:35
Спорт
Қысқы Олимпиадада ел туын көтерген спортшылар
34
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін назарларыңызға Қазақстан тәуелсіз ел ретінде қатысқан қысқы Олимпиадаларда еліміздің Көк туын ұстап шыққан спортшылар туралы ақпарат ұсынамыз. Төрт жылдықтың басты додасына қатысу кез келген спортшының арманы болса, бұл додада ту ұстап шығу – әр спортшыға бұйыра бермейтін атақ және үлкен жауапкершілік.

1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен қысқы Олимпиадада Қазақстанның туын трамплиннен секіруші, еліміздің төрт дүркін чемпионы, ТМД елдері кубогінің иегері Қайрат Биекенов ұстап шықты. Олимпиадада ол 90 метрлік трамплиннен секіруде 48-орыннан (157,5 ұпай), ал 120 метрлік трамплиннен секіруде 58-орыннан көрінді (35,2 ұпай).

1998 жылы Жапонияның Нагано қаласындағы қысқы Олимпиадада Көк туды ұстау мәртебесі Лиллехаммерде Қазақстан қоржынына үш жүлде салған шаңғышы Владимир Смирновқа бұйырды. Владимир Смирнов Наганода да жүлдегерлер қатарынан көрініп, Олимпиаданың қола жүлдесін иеленді.

2002 жылы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында ұйымдастырылған XIX қысқы Олимпия ойындарында Қазақстан байрағын конькимен жүгіру өкілі Радик Бикчентаев ұстап шықты. Радик Бикчентаев сол кездегі құрамадағы екі Олимпиадаға қатысқан (1994, 1998) тәжірибелі спортшылардың бірі еді. 1 500 және 5 000 метрге жарыста отандасымыз 19-орыннан көрінді.

2006 жылы Италияның Турин қаласындағы Олимпиадада еліміздің Көк туын хоккейші Александр Корешков ұстады. Туриндегі шайбалы хоккей бәсекесінде Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде «В» тобында сынға түсіп, алты құраманың ішінде екі ұпаймен бесінші орын алды. Ал Олимпиаданы 9-орынмен қорытындылады.

2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында өткен қысқы Олимпиадада Қазақстанның туын биатлоншы Диас Кенешев алып шықты. Эстафета сайысында құрамында Диас Кенешев бар Қазақстан командасы мәреге 18-ші болып жетті.

2014 жылы Сочи Олимпиадасында Көк туды шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шықты. Ту ұстаған спортшымыз 50 шақырымдық қашықтықта сынға түсіп, мәреге 48-ші болып келді.

2018 жылғы Пхенчхан Олимпиадасында Қазақстанның Көк туы шорт-трекші Абзал Әжіғалиевке табысталды. Әжіғалиев Оңтүстік Кореядағы ойындарда 500 метрге жарыста мәреге 9-шы болып жетті.

2022 жылы Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада Қазақстанның байрағын шорт-тректен Әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы әрі жүлдегері Абзал Әжіғалиев және конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионы Екатерина Айдова ұстады. Қытайдағы додада Абзал 500 метрге жарыста 4-орын алған еді. Ал Екатерина Айдова 1 500 метр жарыста 18-орыннан көрінді.

Тегтер: спорт
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20
Асаубаева мықтылығын тағыда дәлелдеді

Асаубаева мықтылығын тағыда дәлелдеді

05.06.2026, 08:59
Қазақстандық жас атлеттер әлемдік рекорд орнатып бес медаль еншіледі

Қазақстандық жас атлеттер әлемдік рекорд орнатып бес медаль еншіледі

12.05.2026, 16:15
Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың бауыры мекеме директоры болып тағайындалды

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың бауыры мекеме директоры болып тағайындалды

15.04.2026, 20:29

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.