Биыл «Қамқорлық» жобасы аясында Атырау, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Жетісу және Ақмола облыстарында 6 жаңа ауданаралық оңалту орталығы ашылды.
➤ 125 000 бала медициналық оңалту көмегін алды
➤ Балалар денсаулығына бағытталған жаңа бағдарламалар жүйелі түрде дамып жатыр
➤ 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленді
«Сырлы дыбыс» жобасы:
2026 жылдан бастап I–III дәрежелі есту қабілеті бұзылған балалар сүйек өткізгіштік операцияларынан кейін есту аппараттарымен және аудиопроцессорлармен жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.
«Ажарлы келбет» жобасы:
МӘМС жүйесінде бет пен бастың туа біткен анатомиялық ерекшеліктері бар балаларға реконструктивтік және пластикалық операциялар енгізілді.
t.me/DenMinPR







