• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 20:23
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Үлгілі ауылда жаңа балалар алаңы ашылды

Жамбыл облысы Байзақ ауданының Үлгілі ауылында көптен күткен жаңа заманауи балалар ойын алаңы салтанатты түрде ашылды

turan_admin turan_admin
26.11.2025, 12:01
Облыс жаңалықтары
Үлгілі ауылда жаңа балалар алаңы ашылды
46
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл нысан — «Асқақ рух – Еркін ел» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен және Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен жүзеге асқан «Үлгілі ауылға – үлгілі алаң!» әлеуметтік жобасының нәтижесі.

Үлгілі ауылында 3 мыңнан астам тұрғын бар және бұл алаң балалардың бос уақытын қауіпсіз әрі пайдалы өткізуге арналған алғашқы арнайы кеңістік болып отыр. Жоба «Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылы тұрғындарының азаматтық бастамаларын қолдау» бағыты аясында іске асырылды.
Ашылу рәсіміне Байзақ ауданының әкімі, «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ басқарма төрағасы, ауданның зиялы қауым өкілдері, Ардагерлер кеңесі, Аналар алқасы, аудандық мәслихат депутаттары, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Салтанатты рәсімде алғашқы сөз Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараевқа берілді. Ол өз сөзінде ауыл тұрғындарының ортақ іске белсенді қатысып, бірлескен күш-жігердің нақты нәтижеге айналғанын атап өтті:
«Қазақта ‘Қуанса — бала қуансын’ деген жақсы сөз бар. Бүгінгі балалар — ертеңгі елдің азаматы. Сондықтан бұл алаң — жас буынға жасалған маңызды әлеуметтік қолдау», — деді ол.
Ал облыс әкімінің кеңесшісі Исламбек Дастан жоба идеясынан бастап жүзеге асуына дейінгі процесті баяндап, оның тұрғындардың өзара ынтымақ пен жауапкершілік арқылы жүзеге асқанын жеткізді:
«Бұл жоба — азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісі. Біз жабдықтарды 4,5 млн теңгеге алып, орнату жұмысын ауыл тұрғындарына сеніп тапсырдық. Нәтижесінде — өз қолымен салынған, өзіне тиесілі алаң пайда болды», — деді ол.
Ойын алаңы заманауи талаптарға сай жабдықталған: сырғанақтар, әткеншектер, ойын кешендері, құмсалғыш, карусельдер және сертификатталған қауіпсіз жабын төселген. Аумағы толық қоршалып, демалыс орындары орнатылған.
Алаңға алғашқы болып кірген қонақтар мен тұрғындарды ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Жанат Әлібекова бастаған ақжаулықты аналар шашу шашып қарсы алды. Бұл дәстүрлі рәсім шараға ерекше жылы атмосфера сыйлады.
Ашылу барысында ауыл ақсақалдары мен тұрғындары жобаға қолдау білдірген барлық тарапқа алғыс айтып, нысанды күтіп ұстау мен жауапкершілік туралы ой бөлісті.
Алаң ресми түрде ауыл әкімдігінің балансына тапсырылды. Енді нысанның қауіпсіздігі мен тұрақты күтімі жергілікті атқарушы органның бақылауында болады.
Мемлекет басшысы балалардың әл-ауқаты мен дамуына ерекше назар аударып келеді. Бұл жоба — сол бағыттағы бастамалардың ауыл деңгейіндегі нақты көрінісі.
Грант операторы: «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ
Ұйымдастырушысы: «Асқақ рух – Еркін ел» ҚБ

Тегтер: Жамбыл
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.