• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Балалар үйінің жағдайы әрдайым назарда

11.04.2017
0
Балалар үйінің жағдайы әрдайым назарда
414
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» партиясы жобасы аясында қоғамдық бақылау топтарының мүшелері Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің жағдайымен танысты.
«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков, қалалық филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Гүлнар Төребекова мен партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Анар Досымбаева аталған балалар үйінің жағдайы, тамақтың сапасы мен басқа да мәселелеріне танысып, ұсыныстарына құлақ асты. Отбасы жағдайында баланы тәрбиелеу және оқыту, оның әлеуметтік құқығын қорғау мақсатында құрылған балалар үйінің тамыры тереңде. 1942 жылы құрылған мекемеде бүгінгі күні 150 бала тәрбиеленіп жатса, оның 46-ы жетім, ал 104-і ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар екен. Олардың 13%-ы 3-6 жас, 58%-ы 7-13 жас, 29%-ы 14-18 жас аралығында тәрбиеленушілер. Бұл балалардың 24%-ы қазақ, 49%-ы орыс, 27%-ы өзге ұлт өкілдері. 16 жанұяға (топ) жіктелген олардың тәрбиесімен 68 педагог маман айналысуда. Мекемеге жабылуларына байланысты 2011 жылы «Ұлан», 2015 жылы Меркі ауданындағы «Сава» балалар үйлерінің тәрбиеленушілері келіп қосылыпты.
Бақылаушылар әуелі кіші балалардың отбасылық топтың жанұялық үйлерінің бөлмелерін аралап көрді. Үй жатын, ас және гигиеналық бөлмелермен қамтамасыз етіліпті. Бөлмелері кең, жарық әрі заманауи құрылғылармен жабдықталған. Олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін және үй тапсырмасымен айналысуына барлық жағдай жасалыныпты. Сондай-ақ балалар үйінде түнгі тәрбиеленушілер бөлек қарастырылыпты. Олар тәрбиесін қарап қана қоймай сабағына да жәрдемдесетін көрінеді. тәрбиеленушілердің әр қимылы мекеме басшылығының жіті қадағалауында. Ол үшін әр бөлмеге бейнебақылау камералары орнатылған. Құрылғы арқылы мекеме басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары балалардың қимылын бақылап отырады екен. Сондықтан балалардың арасындағы әлім жеттік әрекеттеріне байланысты ешқандай мәселе жоқ екен. Тіпті, осында тәрбиеленіп жатқан балалардың ешқайсысыда қылмыстық тіркеуде тіркелмеген. Мекеме басшысы Айжан Мейірханованың айтуынша, олар ең алдымен балалардың тәрбиесіне көп көңіл бөледі екен. Бұл мақсатта көптеген үйірмелер ашып та қойған. Сонымен қатар мекеме басшылығы «Динома» спорт кешенінде балалардың спортпен айналысу үшін ОІІБ-мен екі жақты меморандумға қол қойыпты. Қазіргі таңда балалардың біраз бөлігі сол кешенде спортпен айналысуда. Және ОІІБ басшылығы балаларға әрдайым демеушілік танытып отырады екен.
Мұнан соң бақылаушы топ мекеменің әкімшілік кабинеттері, компьютерлік сынып, тоқыма цехы, конференция залы, психолог, медицина кабинеті, сенсорлық, емдеу-сауықтыру кабинеттерінде болып, ондағы жағдайлармен танысты. Және спорт залы, жазғы спорт алаңы, мекеме музейін аралап көріп балалардың қолдарынан шыққан бұйымдарды көрді. Әр ұлттың балалары бір үйде өмір сүріп, тәрбиеленіп жатқан олар қазақ тілін жетік меңгерген. Енді мекеме басшылығы ағылшын тілі курсын ашуды жоспарлап отыр екен. Сондай-ақ мекеменің биылғы түлектерін жоғары оқу орнына түсіру үшін басшылық жұмысты күшейтіпті. Мәселен, 2 түлек ҚазҰУ-нің «журналистика», тағы 2 түлек Астана қаласындағы медициналық институтқа түспек ниетте. Осы мақсатта мекеме басшылығы ол оқу орындарының ректорларымен келісіп те қойыпты. Ал қалған түлектер техникалық білім беретін оқу орындарына түсетін көрінеді. Олардың да мәселесі оңтайлы шешіліп қойған. Ендігі тек ҰБТ-ға дайындықты пысықтау. Бұл үшін балалар үйі бар жағдайды жасаған.
Балаларды тәрбиелеуде ешқандай мәселесі жоқ мекеменің бүгінгі күнгі ұсынысы моншаны кеңейту ғана екен. Бұрынғы монша бүгінде ескіріп, бала санының өсуіне байланысты тарылық етіп отырған көрінеді. Сонымен қатар Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне балаларды алып бару екен. Бұл ұсыныстарды естіген топ өкілдері алдағы уақытта шешіп беретіндіктерін жеткізді.
– Өңірде партияның «Бақытты отбасы — бақытты балалық шақ» жобасы өз деңгейінде іске асырылуда. Осы жоба аясында Қ.Сарымолдаев балалар үйінің тыныс-тіршілігімен таныстық. Мұнда балалар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалынған. Дегенмен, монша салу мәселесі өзекті болып тұр екен. Бұл мәселені біз алдағы уақытта «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясында көтеріп, демеушілер қарастырамыз, – деді «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков.
Бүгінгінің басты мәселесі – баспана десек, бұл мәселені шешу үшін аталған балалар үйінің 149 тәрбиеленушісі тұрғын үй кезегінде тұрса, жер телімі үшін 18 тәрбиеленуші кезекке қойылыпты. Ал осы уақытқа дейін мекеменің 54 түлегі мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспаналы болғандардың қатарында екен.



  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына  қойылған сұрықсыз  ескерткіші сүрілетін болды

Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына қойылған сұрықсыз ескерткіші сүрілетін болды

3
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

3
Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында бақ сынады

Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында бақ сынады

26.07.2025
Заңсыз дәрі саудасы бойынша бірнеше адам қылмыстық жауапқа тартылды

Заңсыз дәрі саудасы бойынша бірнеше адам қылмыстық жауапқа тартылды

26.07.2025
Түркістан облысында әкімдік ғимаратында төбелес болды

Түркістан облысында әкімдік ғимаратында төбелес болды

26.07.2025
«Отбасы құндылықтары: берік неке, жарқын болашақ» әлеуметтік жобасы бастау алды

«Отбасы құндылықтары: берік неке, жарқын болашақ» әлеуметтік жобасы бастау алды

27.07.2025
Пойызда босанған әйел сәбиін терезеден лақтырып жіберді – Қарағандыда сұмдық оқиға

Пойызда босанған әйел сәбиін терезеден лақтырып жіберді – Қарағандыда сұмдық оқиға

26.07.2025
Шу ауданы Белбасар ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді

Шу ауданы Белбасар ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді

25.07.2025
Ербол Қарашөкеев Шу ауданы тұрғындарының мәселелерін тыңдады

Ербол Қарашөкеев Шу ауданы тұрғындарының мәселелерін тыңдады

25.07.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты