2025 жылдың 11–13 қараша күндері Байзақ ауданы, Бурыл ауылындағы спорттық-сауықтыру кешенінде «Спорт – діни экстремизм мен терроризмге қарсы» тақырыбымен және буллинг (кибербуллинг) құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында дзюдо күресінен 2012–2013 жылдары туған жасөспірім ұлдар арасында Байзақ ауданындағы №11 БЖСМ-нің ашық турнирі өтті.
Аталған жарыста Байзақ ауданындағы №10 БЖСМ-нің дзюдо бөлімінің спортшылары төмендегідей нәтижелер көрсетті:
- 26 кг — Тойғұлев Оразбек — III орын
- 35 кг — Әліпбек Жалғас — I орын
- 35 кг — Үлжабай Абдрахман — III орын
- 38 кг — Тойбек Шадияр — I орын
- 42 кг — Болатұлы Ақәділ — III орын
- 46 кг — Сәкен Алғатай — I орын
- 50 кг — Сұлтанбек Рауан — II орын
- 50 кг — Құванич Мейірлан — II орын
- 55 кг — Дүйсенбек Нұрым — II орын
Жас спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!







