Бортта шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жіберілген санитарлық авиацияның екі дәрігері болды.
Ұшудың мақсаты – жаңа туған нәрестені анасымен бірге облыс орталығына шұғыл жеткізу, өйткені олардың әрі қарай арнайы медициналық көмекке мұқтаждығы болды.
Дәрігерлер нәрестені тексеріп, жағдайын тұрақтандырғаннан кейін оны әуе көлігімен дереу эвакуациялау туралы шешім қабылдады. EC-145 тікұшағымен пневмонияға шалдыққан сәби Тараз қаласына жедел жеткізілді. Онда оны мамандандырылған медициналық мекеменің дәрігерлері күтіп алды.
ТЖМ







