Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Жиында облыс әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсетуді тиімді ұйымдастыру және отбасын қолдау орталықтарының жұмысын жетілдіру мәселелеріне тоқталды.
Айжан Серікбайқызы отбасы мәселесіне немқұрайлы қараған шенеуніктердің атын атап, түсін түстеді.
«Қазіргі таңда Тараз қаласында отбасыны қолдау орталықтарын ашылғанымен әлі күнге дейін тйісті жұмыстарын жасап жатқан жоқ. Онын ішінде, Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Талас аудандарында ресімей түрде ашылып халыққа қызмет көрсетіліп жатыр. Осы жылы қыркүйекте өзініздің төреғалығыңызбен өткен ақпараттық кеңесте Рысқұлова, Сарысу аудандарында отбасын құру орталықтарында формальді түрде аталып көрсетілді. Содан бері тек қана сыннан Сарысу нәтиже шығарды. Рысқұлов, Мойынқұм аудандары жақсы нәтиже жинап бере алмады. Тұрар Рысқұлов ауданы цифрлық мобилдік топ құрғанда мәліметін жинап бере алмай отыр. Қордай, Шу аудандарында сіздің тапсырмаңыздан кейін орталық ашу қаулысы қабылданды, қаражат бөлінді. Бүгінгі күнге дейін отбасына қолдау орталықтарының қызметкерлері жұмысқа қабылданғанда арнайы заңдамалық құжаттары болмады. Облыстағы отбасына қорғау орталықтарының директорларның ішінде барлығында жоғары білім болғанымен. 1 — директор мамандығы сәйкес келмейді, 5 орталық директорының басшылық қызметінде тәжірбесі жоқ» деді Айжан Серікбайқызы.
Сарысу ауданында отбасыны құру орталығы 2025 жылы ақпан айында тіркеліп сауір айында директор мен есепші тағайындалған бұл мәлімет шілде айында үлкен семинарда белгілі болған, бірақ жұмыс оңай болмағандықтан жас директор есепшімен бірге өз еркімен жұмыстан шықты, сол уақыт аралығына дейін жалақыларын алған белгілі, осы жағдайдан кейін аудан әкімдерінің бақылауы жоқтығы білінді.
Облыс бойынша «Отбасыны қорғау» жұмысын үйлестіру «Анаға тағзым» орталығын Облыстық отбасылық даму орталығы ретінде қайта құру ұсынысын білдірілді.









