• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жемқорлықпен күресте қоғам болып жұмылу қажет

24.03.2017
0
Жемқорлықпен күресте қоғам болып жұмылу қажет
288
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік топ өз жұмысын бастап, ҚР тұңғыш Президенті саябағынан салтанатты түрде өңірдің аудандарына жол тартты.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының 5-ші басым бағыты және Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 13 қадамын орындау мақсатында аймақта «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ құрылған болатын. Топ алдағы уақытта облыс аумағында орналасқан барлық мекемелердің еңбек ұжымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелер бойынша жеке қабылдауларды жүзеге асырмақ. Өңірде мұндай жұмыстар жыл соңына дейін жүргізілетін болады. Аталған топтың құрамында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қызметкерлері, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері, обыстық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, ҚР Мемлекеттік қымет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және ұлттық бюросының облыс бойынша департаментінің басшылары бар.
Мобильдік топтың жұмысының басталуына орай ҚР тұңғыш Президенті саябағында арнайы жиын өтті. Шарада алғаш болып сөз тізгіндеген , ҚР Мемлекеттік қымет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Мақстұт Нәлібаев «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында айқындалған дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін сыбайлас жемқорлықпен күресті бүкіл халық болып жүргізуіміз қажет деп атап көрсетілгенін тілге тиек етті. Және сыбайлас жемқорлықпен күресу тек құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың жұмысы ғана емес, барша халықтың міндеті екенін жеткізді. Сондай-ақ ол жұртшылықты еліміздің жарқын болашағы үшін осы індетпен қоғам болып күресіп, жемқорлықсыз болашаққа қадам басуға шақырды. Мұнан соң мінберге шыққан партия Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев сыбайлас жемқорлықпен күрес – республикасыздың мемлекеттік саясатының басты басымдығының бірі екенін баса айтты. Еліміз ТМД елдерінің ішінде алғаш болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы және мемлекет қызмет туралы заңдарды қабылдап, аталған індетке қарсы арнайы мемлекеттік орган құрғанын мәлімдеді.
– Мемлекеттік аппараттың мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындылығы жүйелі түрде артып келеді. Бизнеске әкімшілік салмақ салу түбегейлі азайды. Жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріліп, қоғамдық бақылаудың аясы кеңеюде. «Нұр Отан» партиясы өзінің алғашқы құрылған кезінен бастап, қоғамның бұл індетке деген жиіркенішті сезімін табанды түрде қалыптастыра отырып, мақсатты түрде күресіп келеді, – деген Мұратхан Жүнісәліұлы партияның сыбайлас жемқорлықпен күрестегі жүйелі жұмыстарына кеңінен тоқталды.
Шарада «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық бөлімшесінің директоры Қасымхан Төлендиев бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жалпыұлттық мақсатқа айналу керектігін тілге тиек етіп, сонда ғана бұл індетті жою мүмкіндігі артатындығын сөз етті. Жемқорлықтың белең алуына жұртшылықтың індетке қарсы құқықтың сауатын арттыру қажет екенін жеткізіп, оның алғы шарты әуелі қоғамдықты түсінікті өзгертіп, құқықтық сана-сезімді нығайтып, қоғам болып күресу қажеттігін атап өтті. Жиында ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, мәдениет қайраткері Нұрсипат Салықова және қол күресінен ІІІ дүркін әлем чемпионы Дмитрий Трубин сөз кезегін алып, сыбайлас жемқорлықпен күресте еліміздің әрбір тұрғыны өз үлесін қосып, жемқорлықсыз болашаққа бірге қадам басуға шақырды.
Мұнан соң мобильдік топ салтанатты түрде өңірдің аудандарына жол тартты.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты