• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

Құжат – адамның қоғам алдындағы айнасы, мемлекет алдындағы мәртебесі.

28.10.2025
0
Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі
31
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ол барда есік те ашық, мүмкіндік те мол. Ал онсыз өмір сүру – өз еліңде өзіңді бөтен сезіну секілді. Осындай тағдыр тауқыметін тартып жүрген Мойынқұм ауданының тұрғыны, 70 жастан асқан ақсақал Мусин Малыбаевтың хикаясы бүгінде адам жанын жылытатын, жүрекке жететін мысалға айналды.

Малыбаев Мусин Касатаевич – түбі қазақ, 1985 жылы Қырғызстаннан ата қонысына, туған жері Қазақстанға қоныс аударған. Сол кезде өмір жаңа арнаға бұрылып, Мойынқұм топырағында отбасын құрған. Қазір екі ұл, бір қыз өсіріп, немере сүйіп отырған ақсақал сол жылдары шаруашылықпен, мал бағумен айналысқан. Қарапайым тіршілік, адал еңбек – өмірінің мәні болған.

Алайда 1996 жылы Мусин ақсақалдың шаңырағына ауыр сынақ түсті. Малдыауылдағы үйі өртеніп, бар құжаттарымен бірге күлге айналды. Сол сәттен бастап ол құжат рәсімдеу ісін кейінге қалдырып, күнкөріс қамымен кетеді. «Нәпақа табу керек болды, балалар кішкентай, үй де, жағдай да қиын еді. Сол себепті құжат іздеуге мұрша болмады», – дейді ол.

Жылдар өте берді, уақыт сырғып, тіршіліктің толқыны талай сынақтан өткізді. Тек 2000-жылдардан бері құжат мәселесін шешуге талпыныс жасай бастағанымен, әр мекемеден «анықтама керек», «жауап күтеміз» деген жауаптармен іс ілгерілемей келген.

Тек осыдан үш ай бұрын Мусин ақсақал Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің басшысы Алмас Көпбаевтың жеке қабылдауында болып, көмек сұрайды. Сол сәттен бастап іс шын мәнінде қозғалады. Полиция бөлімі Қырғызстан Республикасына оның деректерін растау жөнінде сұраныс жолдағанымен, мардымды жауап ала алмайды. Дегенмен, бұл жолы мәселе аяқсыз қалмайды.

Жамбыл облысының көші-қон қызметі, аудан әкімдігі және полиция бөлімінің бірлескен жұмысының арқасында Мусин Малыбаевтың Қазақстанда 40 жылдан астам уақыт тұрақты тұрғаны куәгерлердің жауабымен расталып, тиісті құжаттар жиналады. Соның негізінде оған жеке куәлік рәсімделіп, ақсақал ысылған еңбегінің, адал өмірінің заңды құжатына қол жеткізді.

«Құжатсыз әрине қиын, қайда барсаң да қабылдамайды. 1996 жылы үйім өртеніп кеткенде бәрі жоғалды. Кейін амал қылып көрдім, бірақ нәтиже болмады. Енді, міне, аудан әкімі Ермек Карентаевқа, полиция бөлімінің басшысы Алмас Көпбаевқа, көші-қон қызметінің аға инспекторы Жансерік Абикеевке, Бірлік ауылының әкімі Қуаныш Оспановқа және көршілеріме алғыс айтамын. Қолыма жеке куәлік тиді. Енді бұйырса, зейнетақымды рәсімдеп жатырмыз. Осындай халықтың мұң-мұқтажын тыңдайтын, көмектесетін жандар көп болсын. Алғыстан басқа айтарым жоқ», – дейді ақсақал толқып.

Полиция бөлімінің басшысы Алмас Садықбайұлы Көпбаев бұл істің ерекше назарда болғанын айтады. «Ағамыз үш ай бұрын қабылдауымда болды. Бірден облыстық көші-қон басқармасымен және аудан әкімдігімен бірлесіп жұмыс бастадық. Қиындықтар болды, себебі Қырғызстан тарапынан қажетті деректер келмей қалды. Бірақ тоқтап қалмадық, өз тарапымыздан барлық заңды жолмен шештік. Енді ағамыздың зейнетақы алуына қажетті құжаттарын реттеп жатырмыз. Бұйырса қараша айында алғашқы зейнетақысн алады. Сонымен қатар, алда қыс маусымы, сондықтан ағамыздың үйіне көмір түсіріп берсек деген ниетіміз бар», – дейді Алмас Көпбаев.

Осы игі істе бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған аудан әкімдігі мен полиция қызметкерлерінің қамқорлығы – шынайы мемлекеттік қызметтің үлгісі. Қағазға байланып қалмай, адамның тағдырына үңіле білген мұндай жандардың әрекеті – қоғамдағы сенім мен ізгіліктің көрінісі.

Мусин ақсақалдың оқиғасы – құжаттың жай қағаз емес, адамның өмір жолын, тағдырын айқындайтын ең маңызды дүние екенін дәлелдеді. Ең бастысы, бұл жағдай бір адамның мәселесін ғана емес, ел ішінде осындай тағдырды бастан кешіп жүрген азаматтарға да үміт сыйлады.

Мойынқұм жерінде мемлекеттік қызмет пен адамдық парыздың тоғысқан тұсы дәл осындайда байқалады. Бір адамның қуанышы – бүтін елдің абыройы. Ал осындай мейірім мен жауапкершілікке толы істер көбейсе, қоғамның да жүзі жылы, болашағы нұрлы болмақ.

Тегтер: Жамбыл облысыКөші-қон қызметіҚарияҚұжатМойынқұм ауданы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты