• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент атынан Бектенов еңбек саласы мамандарына наградалар табыс етті

Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған халықаралық форумға қатысып, кәсіби мереке қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан әлеуметтік-еңбек саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етті

24.10.2025
0
Президент атынан Бектенов еңбек саласы мамандарына наградалар табыс етті
779
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Форумға Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық көші-қон ұйымы, ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік банк және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы қоғам дамуының маңызды буыны ретінде әлеуметтік қызметкерлер мәртебесін көтеруге және әлеуметтік қорғау жүйесін реформалауға үлкен көңіл бөлуде. Премьер-министр Олжас Бектенов өз сөзінде Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің ардагерлер мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, азаматтардың осал топтарын қолдауды қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында мемлекет әр азаматтың лайықты табыс тауып, сапалы әлеуметтік қызмет алып, ертеңгі күніне сенімді болуы үшін барынша жағдай жасайтынын атап өтті. Бұл орайда әлеуметтік теңсіздікті жою, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту және осы бағытта ең үздік халықаралық стандарттарды енгізу мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып қалып отыр. Бүгінде цифрландыру әлеуметтік-еңбек қатынастарының барлық саласына белсенді түрде енгізіліп, үлкен деректерді өңдеуге мүмкіндік беріп отыр», 

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұл бағытта Қазақстан Үкіметі жүйелі жұмыстар жүргізуде. 2021-2025 жылдар аралығында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істейтін әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 2 есе ұлғайтылды. Сондай-ақ әкімшілік және көмекші қызметкерлердің, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер, үйде күтім жасау және уақытша болу ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы олардың қолданыстағы қосымша ақыларының мөлшерін базалық лауазымдық жалақының 30%-ынан лауазымдық жалақының 40%-ына дейін ұлғайту жолымен көбейтілді.

Елімізде халықты әлеуметтік қорғау саласында барлығы 40 мың маман (медицина қызметкерлері, арнайы педагогтер және әлеуметтік қызметкерлер) жұмыс істейді. ҚР Әлеуметтік кодексінде орындалатын жұмыстардың кәсіби деңгейі мен күрделілігін ескере отырып, оқыту, сертификаттау және санаттар беру мен еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу арқылы әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін арттыру көзделген.

Халықаралық форум барысында қатысушыларға Қазақстанда азаматтардың осал санаттарын қолдау үшін кеңінен қолданылатын цифрлық шешімдер ұсынылды. Оның ішінде бірыңғай цифрлық платформа, әлеуметтік қызметтер порталы және 2024 жылдың үздік жобасы деп танылған отбасының цифрлық картасы сияқты инновациялық жобалар бар. Картада 6 млн қазақстандық отбасы туралы деректер бар, азаматтарға мемлекеттік қызметтердің 11 түрі проактивті форматта ұсынылады.

Әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту шеңберінде Қазақстан халықаралық ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жүргізуде. Мүгедектігі бар жандардың, халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғауға, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін дамытуға бағытталған бірқатар бірлескен жоба жүзеге асырылуда. Алдағы бес жылға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы қабылданды, БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясы ратификацияланды. Халықаралық еңбек ұйымымен серіктестікте ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша келісілген жұмыстар жүргізілуде.

Форумда Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) президенті доктор Мохаммед Азман Қазақстанның әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Форум алаңында Премьер-министр бірқатар технологиялық шешімдермен танысты. Атап айтқанда, Жамбыл облысынан келген отандық стартапшылар жасанды интеллектіге интеграцияланған цифрлық технологиялар көмегімен тіл және бас қимылдары арқылы мүгедектер арбасын басқару әдісін таныстырды.

 

Тегтер: Қазақстан

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты