Кеште ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, әнші Өмірқұл Айниязов «Қазақстан-атамекенім», «Бір шәугім шай» әндерімен көрермен ықыласына бөленді.
Сонымен қатар, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Жайна Тарғынова да өз өнерін паш етіп, халық әні «Ақ ерке» Ғарифолла Құрманғалиевтің әні «Әнші дауысы» туындысын орындап, ерекше сезімге бөледі.
«Би керуені» жобасы аясында Таразда би өнерінің майталмандарымен шеберлік сағаттары өтті. Жамбыл облысынан жиналған қатысушыларға тегін сертификаттар табысталды. Бұл игі шара алдағы уақытта жалғасын табады.
Мәдениет және ақпарат министрлігі







