Бүгін Қарағанды қаласында өтіп жатқан Жастар ойындарының алғашқы күні өз мәресіне жетті. Күні бойы боз кілемде жанкешті белдесулер өтіп, біздің балуандарымыз тамаша нәтижелерге қол жеткізді!
Бірінші күннің қорытындысы:
Ашрапов Юсуф – алтын жүлде, 72 кг
Аманалы Нұрасыл – күміс жүлде, 97 кг
Тұрсынбек Бақдәулет – қола жүлде, 82 кг
Бұл — үлкен еңбектің, үздіксіз дайындықтың және нағыз жігерлі рухтың жемісі!
Барлық жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз құтты болсын!







