Жаңа талаптарға сәйкес, мамандар кемінде үш жылда бір рет ұзақтығы 40 академиялық сағаттан кем емес курстардан өтуге тиіс.
Ал жол ұйымдарының басшылары қызметке тағайындалғаннан кейін алты ай ішінде оқытудан өтеді.
Бағдарламалар тәжірибеге негізделіп, дәрістерді, семинарларды, тренингтерді және тағылымдамаларды қамтиды.
Оқытуға отандық және шетелдік сарапшылар тартылады. Курсты аяқтағандар қорытынды бағалаудан өтіп, үш жылға жарамды сертификат алады. Бұл — мамандардың кәсібилігін арттыруға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.
Көлік министрлігі







