• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Таразда ұйғыр этносының ұлттық өнері мен рухани мәдениетіне арналған бірегей көрме ашылды

2025 жылғы 29 тамызда Тараз қаласындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің «Ұйғыр этносының ұлттық өнері мен рухани мәдениеті» атты өнер және этнографиялық жеке коллекциялардан құралған көрмесі ашылды.

30.08.2025
0
Таразда ұйғыр этносының ұлттық өнері мен рухани мәдениетіне арналған бірегей көрме ашылды
26
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter
Іс-шараға ұйғыр этномәдени бірлестігінің өкілдері, аймақтағы этномәдени бірлестік жетекшілері мен мүшелері, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің белсенділері және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Көрменің басты мақсаты — ұйғыр халқының тарихи, рухани, мәдени және ұлттық құндылықтарын кеңінен таныту, ұрпақ санасына ата-бабадан қалған мұраның маңызын сіңіру, сондай-ақ Қазақстандағы қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің үлгісін насихаттау.

Аталған көрме Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында берген тапсырмаларына сәйкес әзірленген «модельдік жол картасы» аясында жүзеге асуда. Бұл бастама түрлі этностардың бірегей мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған.

Салтанатты жиынды «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова ашып, өз сөзінде этномәдени мұраны сақтау мен ұрпаққа жеткізудің маңызын атап өтті. Ұйғыр бірлестігінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тұрсынмамед Қасымов пен Аналар кеңесінің төрайымы Мухабат Алеханова да көрермендерге ізгі тілектерін арнады.

Іс-шара барысында ұйғыр этносының ұлттық ән-билері орындалып, көрменің кішкентай қатысушысы Марлен Берденғали «Бұл – менің елім!» әнін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ келушілерге ұйғырдың ұлттық тағамдары ұсынылып, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, ұлттық киімдер мен тарихи жәдігерлер көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Жиын соңында Сәуле Құрманқұлова көрменің мазмұнын байытуға үлес қосқан белсенділерді марапаттап, жиналғандарға арнайы экскурсия жүргізді.

Мұндай іс-шаралар еліміздегі этностар арасындағы мәдени байланысты нығайтып, Қазақстан халқының біртұтас рухани кеңістігін қалыптастыруға, жас ұрпақты тарихи мұраны қастерлеуге баулуға үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

Тегтер: Жамбыл облысыкөрмеҚазақстан халқы АссамблеясыҚХАТаразұйғыр

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты