Оқиға 31 шілдеде болғанымен, бейнежазба жақында жарияланды.
Полиция департаментінің дерегінше, 6-шағынауданда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен «Беркут» арнайы жасағы 54 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған.
Тінту барысында одан есірткі заттары тәркіленді. Сонымен қатар, медициналық сараптама оның есірткі қолданғанын анықтады.
Ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі («Есірткінің заңсыз айналымы») бойынша соталды тергеу басталды. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабы («Есірткіні медициналық емес мақсатта қолдану») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Басқа ақпарат әзірге жарияланған жоқ.







