• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Облыста ат спорты Федерациясы құрылды

27.02.2017
0
Облыста ат спорты Федерациясы құрылды
980
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Облысымызда Ат спортының ұлттық, классикалық және олимпиадалық түрлерінің Федерациясы құрылып, оның Президенті сайланды.
Бүгінгі күні өңірдің ат спорты еліміз бойынша алдыңғы қатарда. Мәселен, «Әулиеата» көкпар клубы еліміздің 8 дүркін жеңімпаздары. Сондай-ақ осы клубтың жанынан құрылған шөген командасы ел біріншілігінде топ жарып үлгерді. Бір айта кететіні, шөген ойыны бізде енді ғана дамып келе жатқан ат спортының бірі болып табылады. Сондай-ақ аударыспақ пен қыз қуудан да аймақтың алыптары қарсыластарын алып та, шалып та жығып жүр десек артық айтқандық емес. Мұндай жетістіктердің барлығы қаржылық қолдаудың арқасында келетіні жасырын емес. Сонымен қатар бәйгеден де жүйріктеріміз өзге өңірдің қыл құйрықтарын талай бәсекеде шаң қаптырып кетіп жүр. Дегенмен, ат спортының ішінде бәйге жарысының мемлекет тарапынан қаржыландыруы осы уақытқа дейін дұрыс жолға қойылмай келген еді. Ал қаржылай көмек алу үшін қоғамдық бірлестік ретінде құрылып, арнайы ережең болуы шарт. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жаңа федерация құрылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасының мәжіліс залында аталған Федерацияның құрылтай жиналысы өтті. Басқосуға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Ахаев, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Анабеков, «Әулиеата» көкпар клубының басшылары мен аудандардағы бәйге аттарын баптайын атқосшылар қатысты. Онда алғаш болып сөз тізгіндеген Еркебұлан Анабеков облыстағы ат спортын бір шаңырақ астына біріктіру үшін Федерация құру қажеттігі бұрыннан айтылып келе жатқандығымен құрғақ сөз күйінде ғана қалып жүргендігін тілге тиек етті. Ат спортының ішінде бәйгешілердің жұмысы жүйеленбей, мәселелері де көптеп кеткендігінен де хабардар етті. Сондай-ақ жиын барысында Мақсат Ахаев өңірдегі ат бәйгесінің бүгінгі жағдайы және даму жолдарына тоқталды. Ол 2015 жылы елімізде бәйге спортының Ұлттық Қауымдастығы құрылып, өткен жылдың қараша айында спорт ретінде танылғандығын жеткізді. Сонымен қатар өңірде жылқыларды будандастырып, таза қандыларын тіркеуге қою мәселесі жоқтың қасы екендігінен хабардар етті. Бүгінде жылқы малын өсірушілердің қарасы көбейіп келе жатқан облысымызда небары таза қанды 163 бие мен 90 айғыр ғана тіркеуден өтіпті. Сондықтан Мақсат Кеңесханұлы облыста ат мәдениетін қалыптастырып, дамыту қажеттігін алға тартты.
Мұнан соң Ат спортының ұлттық, классикалық және олимпиадалық түрлерінің Федерациясы құрылып, жиынға қатысуышларға оның мақсат-міндеттері түсіндірілді. Және ол Федерацияның Президенті болып бірауыздан Мақсат Ахаев сайланды. Сонымен қатар аталған ұйымға өңірдің барлық ат спорт түрлері кіретін болып шешілді. Федерацияныңбәйге және көкпар бағыттары бойынша ішкі бақылау комиссия мүшелері сайланды. Сондай-ақ өңірде болатын бәйгелерге қазылық ететін тұрақты төрешілер бекітілді. Осы уақытқа дейін төрешілікке ақша бөлінбейтін болса, алдағы уақытта олардың жұмысына қаржы бөлу мәселесі жоспарланды.
Шара барысында Федерацияның су жаңа Президенті Мақсат Ахаев облыс төңірегінде болатын бәйгелерге автокөлік тігу мәселесін көтеріп, оны мүлде алып тастауды ұсынды. Оның ұсынысын бірауыздан қолдау тауып, тек қаржылай жүлде берілетін болып шешілді. Сондай-ақ ол республика бойынша қабылданған Ат бәйгесі жарыстарының ережесін таныстырды. Енді, алдағы уақытта әр қашықтық бойынша шауып жүргендер тек бір ереже бойынша шабатын болады. Тіпті, ас беретіндер де Федерация немесе жергілікті атқарушы орган өкілдерімен ақылдасып барып бәйге бермек. Өйткені, ереже бәріне ортақ. Сонымен қатар жиынға қатысушылар қабылданған ережені жергілікте жердегі мәслихаттың шешіміне енгізу туралы ұсыныс айтылып, мақұлданды. Және алдағы күзде облыстық «Әулиеата арғымағы» атты 41 шақырымдық бәйге ұйымдастыру жоспарланды.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Тегтер: атЖамбылспортТаразфедерацияфедерация конного спорта

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты