2025 жылғы 31 шілде сағат 18:40-та Жамбыл облыстық филиалының жол пайдалану учаскесі қызметкерлерінің жоспарлы бақылау жұмыстарының барысында республикалық маңызы бар «Мерке-Бурылбайтал» автожолының 127+500 шақырымында жол жамылғысының бұзылғаны (диаметрі — 1 метр) анықталды.
Бұл ақау газ құбырын көлденең бағыттағы бұрғылау әдісімен жол арқылы өткізу кезінде технологиялық талаптардың бұзылуынан пайда болғаны анықталды. Диаметрі 900 мм құбырды төсеу жұмыстарын мердігер ұйым орындаған. Тапсырыс беруші Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика басқармасы.
Жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақау пайда болған жерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
“ҚазАвтоЖол” ҰК







