• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысында қан айналымы жүйесінен аурушаңдық 9 % төмендеген

23.02.2017
0
Жамбыл облысында қан айналымы жүйесінен аурушаңдық 9 % төмендеген
265
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауы аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің негізгі аспектілері» тақырыбында брифинг өтті. Брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әбілдаев Тлеухан Шілдебайұлы қатысты.
Тлеухан Шілдебайұлының баяндауынша, 2016 жылы денсаулық сақтау саласына 39 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде жергілікті бюджеттен – 14,6 млрд. теңге, республикалық бюджеттен – 24,4 млрд. теңге. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы 100 пайыз игерілсе, республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 99,99 пайызға игерілді.
Медициналық ұйымдарға жергілікті бюджет есебінен 831,0 млн. теңгеден астам қаржыға 76 бірлік қажетті медициналық техника сатып алынды. Оның ішінде кардиологиялық қызмет үшін 445,3 млн. теңгеге және ана мен бала денсаулығын қорғауға 165,7 млн теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынды.
Бүгінгі күні медициналық ұйымдардың жабдықталуы 73,63 пайызды құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 7 пайызға артқан.
Сондай-ақ, бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымының жедел көмек қызметіне 120,6 млн теңгеге 20 автокөлік алынды.
Жергілікті бюджеттен халықты тегін амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін 2,3 млрд. теңге бөлінді.
Облыстық мәслихаттың шешімімен орфандық ауруларды емдеу үшін 291,0 млн. теңге бөлінді.
2016 жылдың қортындысымен жалпы өлім-жітім көрсеткіші тұрақты болып тұр, 1000 тұрғынға шаққанда 6,1-ді құраған. Туу көрсеткіші 3,4 пайызға төмендеген (23,7-ден 22,9-ға дейін), осыған сәйкес табиғи өсім 17,6-дан 16,9-ға дейін төмендеген.
Саладағы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аурушаңдықтың және өлімнің негізгі көрсеткіштері біршама төмендеді, — деп мәлімдеді брифинг барысында спикер.
2016 жылы облыс бойынша 3 ана өлімі тіркеліп (Тараз қаласы, Меркі және Талас аудандарында), көрсеткіш – 11,5 құрады. Облыс бойынша ана өлімі көрсеткіші республикалық (12,7) көрсеткіштен төмен.
Облыс бойынша 63 кардиохирургиялық төсек жұмыс жасауда, оның ішінде 50 ересектер, 13 балаларға арналған. 2016 жылы 2559 коронароартерияграфия жасалған (2015 жылы — 2128).
Жыл қорытындысы бойынша қан айналымы жүйесінен аурушаңдық 9 пайызға төмендеді (2826,8-ден 2571,5-ке дейін). (100 мың адамға шаққанда).
Қан айналымы жүйесінен өлім көрсеткіші де 100 мың адамға шаққанда 18,6 пайызға төмендеді (2016 жылы – 145,9 құрады, 2015 жылы — 179,2).
2016 жылы қатерлі ісіктерден өлім 100 мың адамға шаққанда 2015 жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға төмендеп, 78,2 құрады (81,1 – 2015 ж.).
Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсарып, аурушаңдық 5,7 пайызға (58,1-ден 54,8-ге дейін) және өлім 7,7 пайызға (3,9-ден 3,6-ға дейін) төмендеді.
Облыста жергілікті атқарушы органдар тарапынан бөлінген қаржы көлемі артуда. 2015 жылы жергілікті бюджеттен 26,9 млн теңге бөлінсе, 2016 жылы 42,7 млн теңге бөлініп, 37 пайызға артты.
2016 жылы санавиацияға 1289 (2015 ж. — 1879) шақырту түскен (349 — балаға (27%), 128 – жүкті әйелдерге (10%). Әуе көлігімен медициналық көмек көрсету 139-ды (2015ж. — 164) құрап отыр.
Бүгінгі күні дәрігерлер саны 2822-і (2015 жылы — 2724), орта буын медицина қызметкерлерінің саны – 9974-і (2015 жыл — 9862) құрады. Дәрігерлер тапшылығы 82 адам, соның ішінде аудандар бойынша – 40 құрап отыр.
2016 жылы облысқа келіп, жұмысқа орналастырылған 99 жас мамандар қатарынан 66 ауылдық жерлерде жұмыс жасауда, оның 64-і 800,0 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмекті алды.
2016 жылы 250 келушіге арналған Меркі ауылында және Қаратау қаласында аудандық емханалар іске қосылды.
Облыстық бюджет есебінен бөлінген 365,0 млн теңгеге 4 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді.
2016 жылы Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы аясында денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеу жөніндегі 22 жобаны іске асыру үшін 451,0 млн теңге бөлініп, барлық жобалар іске асырылып, пайдалануға берілді.
Жергілікті бюджет есебінен 3 нысанды күрделі жөндеу үшін 627,0 млн теңге бөлініп игерілді (облыстық аурухана, облыстық туберкулезге қарсы диспансер, «Айша бибі» санаторийі).
2016 жылы сенімгерлік басқаруға 6 денсаулық сақтау ұйымы берілді, — деп сөзін қорытындылады басқарма басшысы Тлеухан Шілдебайұлы.

Turaninfo.kz

Тегтер: брифингденсаулықЖамбылөлім көрсеткішіпоказателисцкТлеухан Шілдебайұлы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты