Жолданымдар мен жүйелі мәселелерді кешенді талдау нәтижесінде прокурорлар 5 мыңға жуық азаматтың құқықтарына қатысты аса өзекті мәселелерді анықтап, жедел шешуге мүмкіндік алды, бұл аудандағы арыз-шағымдардың 21%-ға төмендеуіне ықпал етті.
Акцияның ерекшелігі – ауданның әртүрлі елді мекендерінде бірнеше іс-шаралардың бір уақытта өткізілуі, олардың барысын нақты уақыт режимінде қашықтан бақылауға мүмкіндік болды. Бұл тәсіл тұрғындарды барынша қамтуға, сондай-ақ 200-ден астам азаматқа көрсетілген көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Нұрғалым Әбдіровтің жеке қабылдауында болғандар аудан тұрғындарының көпшілігін қамтитын жүйелі мәселелерді шешуге көмек сұрап, соның ішінде шалғай ауылдардан видеобайланыс арқылы жүгінді. Облыс прокуроры Жарлысу кентіндегі су құбырын санитарлық талаптарға сәйкестендіру бойынша уәкілетті органдарға нақты ұсыныстар беріп, 56 тұлғаның еңбек құқығын қорғау мақсатында аудан прокурорына қадағалау актісін енгізуді тапсырды. Жобаның жарқын мысалының бірі ретінде — Қорағаты ауылындағы «Молбол» ШҚ-ның 41 пай үлескерлерінің көпжылдық мәселесінің аяқталу сатысын, яғни жер телімдерін қайтару мәселесі тек прокуратураның араласуынан кейін шешіліп жатқанын айтуға болады.
Жер мәселелері бойынша жанжалдар мен құқықтық даулардың алдын алу мақсатында заңнаманы түсіндіру және құжаттарды дайындауға көмектесу мақсатында консультативтік семинарлар ұйымдастырылды. Ауданда мал ұрлығының көбеюіне және 15 мыңнан астам тіркелмеген малдың болуына байланысты шекаралас ауылдарда ветеринарлық-шекара қызметінің қатысуымен көшпелі науқан жүргізілді. Мобильді топ шекарадан заңсыз мал айдаудың алдын алу мақсатында 4,5 мыңнан астам малды биркалап, есепке алды.
Сондай-ақ, аудан аумағы арқылы Алматы-Шымкент республикалық тас жолының өтетінінескере отырып, Нұрғалым Әбдіров апатты аймақтарға шығып, «Қауіпсіз жол» жобасын жүзеге асыру бойынша полиция қызметкерлерінің есептерін тыңдады. Бұл жобаны жүзеге асыру 2025 жылы облыс жолдарындағы өлім деңгейін 9,8%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. «Қоғаммен байланыс» акциясының ауқымдылығы, ашықтығы мен тиімділігі оның прокуратура мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді құралы ретіндегі маңыздылығын растайды.
Жамбыл облысы прокуратурасы