Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, жер асты дүмпуі көрші провинцияларда да сезілген. Жергілікті уақыт бойынша сағат 02:17-де тіркелген жер асты дүмпуінің эпицентрі Мармарадан 10,43 шақырым жерде, 67,91 шақырым тереңдікте орналасқан.
Ол жер сілкінісі кезінде 14 жастағы қыз қайтыс болғанын айтты.
Бастапқы мәліметтерге сәйкес қала бойынша тұрғын үйлер қирамаған. Алайда жергілікті тұрғындар қорқып, терезелерден секіре бастаған. Бұл туралы Мугла губернаторы Ыдырыс Акбыйык мәлімдеді.
Ішкі істер министрінің айтуынша, 69 адам жарақат алған.
«Мугла провинциясында және оның аудандарында дүрбелең мен биіктен секіру салдарынан 69 адам жарақат алды. Олардың 14-і оқиға орнында қажет көмекті алды, 8 адам амбулаториялық тексерістен өтіп, үйлеріне жіберілді. 46 азамат жедел жәрдем бөлімшелерінде емделіп жатыр», — деп толықтырды Ерликая.
Айта кетейік, Мугла — Түркияның оңтүстік-батыс жағалауындағы провинция.