• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Энергия тапшылығы жағдайында майнерлер 1 млрд кВт*сағ-қа дейін энергия тұтынып отыр — Смайылов

Жоғарғы аудиторлық палатада энергетика саласындағы мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды

13.05.2025
0
Энергия тапшылығы жағдайында майнерлер 1 млрд кВт*сағ-қа дейін энергия тұтынып отыр — Смайылов
18
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстанда электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру тиімділігіне жүргізілген аудит аяқталды. Оның қорытындылары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғарғы аудиторлық палатаның отырысында қаралды. Аудиторлық іс-шаралар:

Энергетика министрлігін;

«Самұрық-Энерго» АҚ;

«KEGOC» АҚ;

«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ;

«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС және басқа да ұйымдарды қамтыды.

Энергетика министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 233 электр станциясы жұмыс істейді. Дегенмен республика бойынша электр энергиясына сұраныстың 78%-ы жылу электр станцияларының есебінен қамтамасыз етіледі. Газтурбиналық станциялардың энергия өндірісі артып, олардың үлесі 9,6%-ға жетті. Гидроэлектр станцияларының жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі шамамен 8,5%-ды, ал жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 3,9%-ды құрайды.

Жоғары аудиторлық палатаның аудит қорытындысында өңірлерде энергия өндіру мен тұтыну арасында теңгерімсіздік бары атап өтілді. Қуаттардың басым бөлігі солтүстік аймақта орналасқан, ал тұтыну көлемінің төрттен бірі оңтүстікке тиесілі. Жалпы тек Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары өзін-өзі толық қамтамасыз етіп отыр.

Энергетика саласындағы негізгі проблемалардың бірі – саланың дамуы үшін белгіленген жоспарлар мен іс-шаралардың орындалмауы. Атап айтқанда, тариф саясатының ашықтығын қамтамасыз ету, активтерді жаңғырту және т.б. Сала әлі де шетелдік жабдыққа тәуелді.

Электр энергиясына сұраныс артуда, ал генерациялық станциялар тозып жатыр. Көбі кеңес заманынан бері жұмыс істейді. Олардың өнімділігі төмендеп, апат тәуекелі артып келеді. Жалпы елдегі барлық энергия өндіруші қуаттардың тозу деңгейі 55%, ал электрмен жабдықтау желілерінің тозу көрсеткіші 76%-ға жеткен.

Салада шамамен 4,5 мың маман жетіспейді. Негізгі себептері – жастардың қызығушылығының төмендігі және жалақының аздығы.

Энергетика министрлігінде электр энергиясын өндіру мен өткізуге кеткен шығындарды мониторингтеу функциясы жоқ. Бұл энергия компаниялары үшін шекті тарифтердің негізділігіне әсер етеді.

Аудит шекті тарифтерге, қуат пен теңгеруші нарықтағы тарифтерге қатысты кемшіліктерді анықтады. Электр станциялары үшін тарифтер жария тыңдаусыз бекітіледі, ал сметалар мен есептер жарияланбайды.

«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ (KOREM) теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату бойынша есеп айырысу орталығы ретінде белгіленген. Бірақ бұл операциялар ақпараттық қауіпсіздік бойынша тестілеуден өтпеген және өнеркәсіптік пайдалануға енгізілмеген бағдарламалық қамту арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

Теңгерімдеуші нарықтағы тарифтер кейбір мәндерді таңдауда таңдаушылық пен субъективтілікке жол беретін формулалар негізінде бекітілген. Нәтижесінде тариф 34,7 млрд теңгеге негізсіз арттырылып, бұл шығынды түпкілікті тұтынушылар өтеген.

Электр энергиясы нарығында провайдерлердің саны артып келеді. Қазіргі уақытта олардың саны 18 заңды тұлғаға жеткен. Олардың қызмет құны реттелмейді, ал жеткізілетін электр энергиясының көлемі мен бағасы шарттық қатынастарға негізделген. Бұл тұтыну мен өндірудің нақты көлемдерін жасыруға мүмкіндік беріп, нарықтың ашықтығына нұқсан келтіреді. Тек 2024 жылдың өзінде провайдерлер нарық операторларын айналып өтіп, 187 ұйымнан 13,7 млрд кВт*сағ электр энергиясын (шамамен 200 млрд теңге) сатып алған және таратқан. Сондай-ақ майнерлердің бірыңғай сатып алушы «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ны айналып өтіп, сыртқы компаниялардан теңгерімдеуші жеткізуші арқылы электр энергиясын сатып алғаны анықталды. 2024 жылдың өзінде олар 901 млн кВт*сағ (шамамен 13 млрд теңгеден астам) энергия тұтынған. Отырыста Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов бұл мәселеге ерекше назар аударды.

«Ең алдымен, Энергетика министрлігі тарапынан өндіріс көлеміне, тұтынуға және нақты тарифтерге мониторинг жүргізілуі тиіс. Аудит деректеріне сәйкес майнерлер Бірыңғай сатып алушыны айналып өтіп, 1 млрд кВт*сағ-қа дейін электр энергиясын тұтынып отыр. Энергия тапшылығы жағдайында майнерлердің электр қуатын осылай бақылаусыз тұтынуына қалай жол беруге болады?» — деді Әлихан Смайылов ҚР Энергетика министрлігінің өкілдеріне.

Министрлік өкілдері майнерлерге қатысты қажетті лицензиялау механизмдері әзірленгенін атап өтті.

«Лицензиялау – бір мәселе. Олар энергияны провайдерлер арқылы реттелмейтін бағамен сатып алады. Нәтижесінде шығындар тұтынушыларға жүктелуде. Баланстық провайдерлердің саны артып келеді. Бұл – халық есебінен еш қиындықсыз пайда табудың жолы. Ал сіздер бұған жол беріп отырсыздар. Бақылаудың тиімді механизмдері жоқ», — деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.

Жобалаушылардың нарықты терең зерттемеуі және маркетингтік зерттеулер жүргізбеуі салдарынан «KEGOC» АҚ-ға 4 жоба бойынша мердігерлер жабдықты 2-3 есе қымбат бағамен жеткізген. Жалпы артық шығын 2,2 млрд теңге.

Соңғы 10 жылда «Самұрық-Энерго» АҚ тобы небәрі 4 жаңа жобаны іске асырған. Бұл 2024 жылы бекітілген Даму стратегиясы бойынша алдағы 10 жылға жоспарланған 25 жобаның іске асырылуына күмән тудырады.

Тоқтатылған жобаларға байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ-ның тиімсіз шығындары 199 млрд теңгені құрайды. Ең ірілері: Балқаш ЖЭО құрылысы – 102 млрд теңге, Екібастұз ГРЭС-2-нің №3 энергоблогы – 61,2 млрд теңге.

Жалпы аудит нәтижесі бойынша анықталған қаржылық заң бұзушылықтар 66 млн теңге болды.

Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 9,5 млрд теңгені, қаражат пен активтерді тиімсіз пайдалану 104,7 млрд теңгені құрады.

Барлығы 72 рәсімдік және 35 жүйелі бұзушылық тіркелді.

Жоғарғы аудиторлық палата

Тегтер: Әлихан Смайыловжоғарғы аудиторлық палатаЭнергетика министрлігі
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мемлекеттік қызмет – сабырлылықты және адалдықты талап ететін абыройлы міндет — әкім

Мемлекеттік қызмет – сабырлылықты және адалдықты талап ететін абыройлы міндет — әкім

23.06.2025
Бектенов: Қазақстан ЕҚДБ-мен әріптестікті тереңдетуге дайын

Бектенов: Қазақстан ЕҚДБ-мен әріптестікті тереңдетуге дайын

23.06.2025
Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді

Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді

23.06.2025
Сенаторлар жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді ұсынды

Сенаторлар жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді ұсынды

23.06.2025
Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

23.06.2025
Косметолог алматылықтармен тері күтімінің қыр-сырымен бөлісті

Косметолог алматылықтармен тері күтімінің қыр-сырымен бөлісті

23.06.2025
Қырғызстанда бір сағат ішінде екі жер сілкінісі тіркелді

Абай облысында жер сілкінісі болды

23.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты