Бұл туралы әлеуметтік желіде ішкі істер министрі Ержан Саденов жазды.
«Қызметтік міндетін атқару кезінде жол апаты салдарынан қаза тапқан Жамбыл облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Дүнбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады. Ішкі істер министрлігі оның отбасына қажет қолдауды көрсетеді», — деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, министр экипаждың екінші қызметкері, патрульдік полиция инспекторы Бекзат Сотаев тезірек сауығып кетуін тіледі.