Әзербайжан астанасы Бакуде “Жібек жолы” халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Жарысқа 9 елден 200 боксшы қатысқан болатын.
Ел құрамасы сапында бақ сынаған жамбылдық спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Бакудегі халықаралық турнирде 54 келіде Бағлан Кенжебек және Виктория Байдукова (57 кг) жеңімпаз атанса, Ерхан Тұрдан (57 кг), Сымбат Алиасқар (54 кг), Дулат Бекбауов (67 кг) және Асылхан Көшербай қола жүлдеге ие болды.