• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 17:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Ауыл» партиясына – 25 жыл: Ауыл рухын асқақтатқан жылдар

2000 жылдары ел ішін экономикалық қиындық жайлаған кезеңде, қазақтың қасиетті алтын бесігі – ауылды сақтап қалу жолында «Ауыл» партиясы дүниеге келді.

turan_admin turan_admin
08.04.2025, 18:05
Облыс жаңалықтары
«Ауыл» партиясына – 25 жыл: Ауыл рухын асқақтатқан жылдар
114
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сол уақыттан бері ширек ғасырды артқа тастаған бұл саяси ұйым бүгінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіндік орны бар саяси күшке айналды. Осы мерейлі белеске орай Жамбыл облысында «Ауыл» партиясының 25 жылдығына арналған салтанатты конференция өтті.

Конференцияның кеңейтілген отырысында партияның жетістіктері мен болашаққа деген жоспарлары жан-жақты талқыланды. Ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын биік мінберден айтып, ел игілігіне бағытталған нақты істермен көзге түскен партия өз миссиясынан еш ауытқыған жоқ. Мерекелік жиында облыс әкімдігінің аппарат басшысы Лесбек Ілебаев, облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев, қоғамдық кеңес төрағасы Марат Абдраимов, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің президенті Нұржан Муслимов және мәслихат депутаттары мен партия ардагерлері өз құттықтауларын жеткізді.

Жиында сөз сөйлеген облыстық филиал төрағасы Алтай Райқұлов:

– «Ауыл» партиясы 2000 жылы 30 қаңтарда құрылтай съезін өткізіп, сол жылдың 29 наурызында Әділет министрлігінде ресми тіркелді. Алғашқы төрағасы – Ғани Қалиев, қазіргі басшысы – Серік Егізбаев. Қазір партиямыз ТМД кеңістігіндегі ең ірі аграрлық партиялардың бірі. Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетін біздің партия төрағасы басқарып отыр. Бүгінде Мәжілісте 8, түрлі деңгейдегі мәслихаттарда 228 депутаттық мандатқа ие болып отырмыз. Әйел депутаттардың үлесі де артып келеді – 27 әйел өңірлік мәслихаттарда жұмыс істеп жатыр. Республика көлемінде 39 ауыл әкімі – біздің партия мүшелері, – деп атап өтті.

Сондай-ақ, ол партияның табиғи апаттар кезінде белсенділік танытқанын да айтты. Көктемгі су тасқыны кезінде партия мүшелері жедел әрекет етіп, зардап шеккен аймақтарға 213 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтіп, жалпы құны 168 миллион теңгеден асатын қолдау көрсеткен. Жамбыл облыстық филиалының өзі 30 тонна жүк жөнелтіп, Құрманғазы ауданында екі киіз үй тікті.

Партияның Жастар қанаты ұйымдастырған «Кітапқа екінші өмір сыйла!» акциясы аясында еліміздің 29 ауданындағы 59 ауыл кітапханасына 21 мың кітап тарту етілсе, Байзақ ауданында жаңадан ашылған «Жібек жолы» кітапханасына 200-ге жуық кітап сыйға тартылды. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін «Ауыл нақыштары» фотокөрмесі мен «Батаменен ер көгерер!» республикалық батагөйлер сайысы жоғары деңгейде өтті.

Жастар арасында салт-дәстүрге деген құрметті арттыру мақсатында «Ауыл ойындары-2024» аймақтық турнирі де табысты ұйымдастырылды. Жамбыл жастары асық ату, ләңгі тебу, арқан тартыс, садақ ату, тоғызқұмалақ және қазақша күрес сынды ұлттық ойын түрлерінен II орын иеленіп, өңір намысын абыроймен қорғады.

Алдағы уақытта партия бастамасымен «Аграрлы Қазақстан» атты тележоба іске қосылып, еліміздің ауылдық өңірлеріндегі табиғаттың көркем көріністерін паш етпек. Сонымен қатар, партия жастардың еңбек дағдыларын қалыптастыру, патриоттық тәрбиесін арттыру және қоғамдық белсенділігін дамыту мақсатында жоғары оқу орындары базасында арнайы студенттік жасақтар құруды жоспарлап отыр.

XXIV съезінде қабылданған жаңа саяси бағдарлама – «Ауылдың өрлеуі – ел іргесі» атты концепция ауыл инфрақұрылымын дамытуға, әлеуметтік стандарттарды арттыруға, мәдени дәстүрлерді сақтауға және ауыл шаруашылығы саласын жүйелі түрде қолдауға бағытталған. Партия ардагері Аманжол Аманбаев өз сөзінде ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерді ашық айтып, билік назарын соларды шешуге аударуға шақырды.

Салтанатты шарада партия қатарына жаңадан қосылған белсенді азаматтарға салтанатты түрде партиялық билеттер табысталды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.