• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Дарынды мектептер» лигасының алғашқы ойыны өтті

Таразда «Ой шебері» зияткерлік сайысы өтті

turan_admin turan_admin
31.03.2025, 18:56
Облыс жаңалықтары
«Дарынды мектептер» лигасының алғашқы ойыны өтті
363
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Зияткерлік ойын Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен және облыстық білім басқармасының қолдауымен өтіп, оны «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды

Жамбыл медициналық жоғары колледжінде жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және «Әулиеата – кітап оқитын өңір» идеясын насихаттау мақсатында «Ой шебері» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.

Ойынның алғысөздері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Жамбыл дарыны” аймақтық ғылыми-практикалық орталығының директоры Майра Есеналиева, Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, ақын Хамит Есаман,  “Ой шебері” зияткерлік ойынының ұйымдастырушысы Исламбек Дастан сөз сөйледі.

Ойынға дарынды балаларға арналған мектептердің оқушылары қатысып, алты кезең бойынша алты кітаптан білімдерін сынады. Нәтижесінде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының «Жаңа Толқын» тобы 22 балл жинап, жеңімпаз атанды. Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 1-тобы 20 баллмен екінші орынға, ал «Білім-инновация» лицей-интернатының «Руханият» тобы 19 баллмен үшінші орынға ие болды.







Жеңімпаз команда жетекшісі Үміт Берікқызының айтуынша, «Ой шебері» зияткерлік ойыны – жалпы қатысушылардың тапқырлығын, білімін және жылдам ойлау қабілетін тексеретін қызықты әрі пайдалы ойын болды.

Бұл ойын біздің ойлау қабілетімізді жаңа деңгейге көтеріп, жаңа мәліметтерге деген қызығушылығымызды арттырды. Сонымен қатар, біз жеңіске жету арқылы өзімізге деген сенімімізді нығайтып, зияткерлік деңгейімізді одан әрі жетілдірдік.

Біз үшін ең күрделі кезең “Өркениеттің адасуы” кітабы бойынша сұрақтар болды. Сайысқа дайындық барысында Әбдіжәміл Нұрпейісовтың “Қан мен тер” кітабы ерекше әсер қалдырды. Бұл туынды ойлау қабілетімізді дамытып, мәдениет пен тарихқа деген қызығушылығымызды арттырды,» – дейді «Жаңа Толқын» тобының жетекшісі Үміт Берікқызы.

Жобаға журналист, жас ақын Арайлы Серікқызы қонақ ретінде шақырылып, үшінші орын алған топқа өзінің тұңғыш жыр жинағын тарту етті.

Бұл жоба жастардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттырады деп сенемін. Қатысушылардың белсенділігі қуантты, алдағы уақытта осындай шаралар көптеп ұйымдастырылса, оның пайдасы зор болары анық, — деді Арайлы Серікқызы.

Бұл жоба оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға және білімге ұмтылысын қолдауға бағытталған маңызды бастама.

Алдағы ойында оқылуға міндеттелген кітаптар:

  1. Тұрсын Жұртбай «Бір уыс жусан»

  2. Ғабит Мүсірепов «Ұлпан»

  3. Шерхан Мұртаза «Соғыстың соңғы жесірі»

  4. Күләш Ахметова «Бақ»

  5. Бекен Нұрахметов «Менің тағдырымдағы адамдар»

TURANINFO.KZ

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.