Ойынға Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша 20 мектеп бағын сынады.
Бүгінгі іс-шараның мақсаты — “Əулиеата кітап оқитын өңір” жобасын жастар арасында танытып, кітап оқу мəдениетін қалыптастыру. Бүгінгі ойынға міндеттелген 5 кітап. Олар:
1. Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты»2. Несіпбек Дәутайұлы «Құдірет пен Қасірет»3. Қуандық Шолақ «Кешіккен көктем»4. Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»5. Әкім Тарази «Тұлпардың ізі» |
Ойын Жамбыл облысы əкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен Жамбыл облысы білім басқармасы, Т.Рысқұлов ауданы білім бөлімінің қолдауымен Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы ұйымдастыруда.
Алғысөз кезегі Т.Рысқұлов ауданы білім бөлімінің басшысы Мұрат Сванов, Қуандық Шолақ ақынның немересі Ерсайын Қуандық, “Ой шебері” зияткерлік ойынының ұйымдастырушысы Исламбек Дастанұлы сөз сөйледі.
Жоба аясында өзімнің атам Қуандық Шолақты қосқан екен, Төлеген Айбергенов ақын атамыз айтқандай:
«Ақын боп өмір сүру оңай деймісің, қарағым,
Аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның.
Көкірегіңе құйып ап, әлемнің асқақ бар әнін,
Қосудың арпалысы бұл – тоғыспас жолдар торабын», — демекші ақын болу оңай емес мінекей осындай жобаға үлкен алғысымды білдерімін. Атам бір аунап тұрғандай өзімде толқып қуаныштан сәттілік тілеймін!
Ойын тартысты өтіп, 4 топ блиц жарысқа қатысты. Барлық қатысушыларға естелік ретінде кітаптар таратылып, топ жетекшілеріне алғыс хат үлестірілді. Нәтижесі төменде
Turaninfo.kz