— Қымбатты жамбылдықтар! Баршаңызды көктемнің жаймашуақ мерекесі – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тарихы тереңде жатқан бұл мейірім мерекесі – ұлтты бір ұяға ұйыстырып, халқымыздың салт-санасын бір арнаға тоғыстыруды көздейді. Амал күнінде ауыл-аймақ, ағайын арасындағы араздық, өкпе-реніш ұмытылып, көпшілік амандық-саулық сұрасады, қол алысады. Үлкенге құрмет, кішеге ізет көрсетіледі. Айдан аман, жылдан есен шығуларыңызбен! Амал келді – жыл келді! Берекелі бірлігімізге сызат түспей, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, еліміздің егемендігі мәңгілік болсын!, — деп атап өтті әкім.
Жамбыл облысының әкімдігі.