Осыған орай облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы тау тұлғаның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Тағылымды шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ақын, ақындар, айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының Басқарма төрағасы Жүрсін Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, айтыскер ақын Аманжол Әлтай, облыстық, қалалық ардагерлер, қоғамдық кеңес төрағалары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым және қоғам белсенділері мен тараздықтар қатысып, тұлға рухына тағзым етті.
Айта кетейік, бүгін бір ғасырдың куәсі болған Жыр Алыбының туған күніне орай «Баласағұн» ОКЗ-де дәстүрлі «Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым» республикалық ақындар айтысы өтеді.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі