2025 жылы Ораза 1 наурызда басталады. Биыл оның ұзақтығы — 29 күн.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.
Turaninfo.kz тілшісі әр қаланың Ораза кестесін жинап шықты.
Сәресіде айтылатын дұға:
نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرٍ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى
Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».
Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
Ауызашарда оқылатын дұға:
اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ ذَهَبَ الظَّمَأُ وَابْتَلَّتِ الْعُرُوقُ وَثَبَتَ الْأَجْرُ إِنْ شَاءَ اللهُ
Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә Зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла».
Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Шөл кетті, тамырлар суланды, иншалла, сауабы да жазылды».
Ораза қашан басталып, қашан аяқталады?
Мұсылман күнтізбесі ай күнтізбесіне негізделген, сондықтан жыл сайын Рамазан айының басталу және аяқталу күндері өзгереді. Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нен 27-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
АСТАНА ҚАЛАСЫ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ
АТЫРАУ ҚАЛАСЫ
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ
ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ
ОРАЛ ҚАЛАСЫ
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ