Мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бақтияр Онбаев пен жеке құрам қызметкерлері қатысқан оқу-жаттығу шынайы ұрыс жағдайында ұйымдастырылды. Басты мақсат – кез келген қауіп-қатердің алдын алу және жеке құрамның физикалық әрі жауынгерлік дайындығын пысықтау.
Оқу-жаттығу барысында мекеме бастығының қосымша нұсқаулықтарын мүлтіксіз орындаған жеке құрам қызметкерлері төтесінен төнетін қауіпті жағдайларға дайын екендіктерін анық байқатты. Шын мәнінде, нақты өмірлік жағдайларға жақын өткізілген оқу-жаттығу ҚАЖ қызметкерлерінің шеберлігін шыңдайтыны анық.