• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Білім саласындағы «былық» пен «қылықтар»

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы

30.12.2024
0
24 мамырда мектептерде не үшін бірыңғай сынып сағаты өтетіні белгілі болды
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter
2024 жылы оқушыларымыз халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 468 медаль иеленді, республикалық, халықаралық байқауларда 89 педагог жеңімпаз атанып, 3 педагог «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы, «Үздік педагог» байқауында 4 педагог үздік атанды деп туралы өзінің фэйсбук парақшасында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Қызылқұлова ақпаратпен бөлісті. 
Turaninfo.kz ақпарат агенттігі табыста және елді шулатқан ақпараттармен бөлісуді жөн санадық. Осы жылы наурыз айында жаңа басқарма басшысы болып Рауан Садырқұлов пен екі орынбасары Ләззат Қызылқұлова мен Әлішер Әзімбай тағайындалды. 

Әлішер Әзімбай үш айға жуық орынбасарлықтан кейін қызметінен кетіп, жеке меншік жаңа мектепке директор болып ауысып кетті.

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ «МАСҚАРАЛАР»!

Жамбыл облысы әкімдігі Жамбыл политехникалық колледж директоры Дүсенбек Абдраимов пара алғаннан кейін ұсталып, екі млн теңге айыппұлмен құтылып кетті.

Байзақ ауданы, Құмжота ауылындағы мектептегі даладағы әжетханада ауыр соққыдан мектеп оқушысы қайтыс болды.

Меркі ауданы қосымша білім беру ұйымның маңында «кастетпен» ұрып соғудан Артем Садков қайтыс болды. Қазір соты өтуде. Екі адам айыпталуда.

Сарысу ауданы, Саудакент ауылында жыныстық қатынасқа түсу бойынша қылмыстық іс сотта қаралуда.

Кәмелет жасқа толмаған оқушыға аборт жасатқан мектеп директоры, акушер мен психологқа қатысты сот үкімі шықты. Мектеп директоры екі жылға сотталды.

Тұрар Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылындағы мектепке «Томирис» лақап атымен белгілі болған әйелге аяғына гүлшоқтарын лақтырып, көйлегінің етегінен ұстаған видео таралған болатын. Сол видеодан кейін аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директоры өз еркімен жұмыстан кетті.

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МАҚТАНЫШТАР

«Білім беру ұйымдарында мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған 14 жаңа автобус берілді. Алғаш рет «Білім беру саласының әлеуетті көшбасшысы» атты педагогтер арасында облыстық конкурс өтті. Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында “Digital Bridge” — кинозалы ашылды. Облыста 53 мектеп «Starlink» жобасына енгізілді. 14 білім нысаны пайдалануға берілді» деп жазды басқарма басшысының орынбасары.
Басқарма тарапынан білім беру ұйымдарының бюджет қаражатын жоспарлау және игеру процестеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында процесті толық автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. Өңірлік тәуелсіз бақылау жүйесі енгізілді. Барлық 4, 9, 10, 11 сынып оқушылары арасында тест өткізілді. Сараптама нәтижесінде мектептерге консалтингтік көмектер көрсетіледі.
«2024 жылға 171 жаңа үлгідегі химия , физика , биология кабинеттері, 7 STEM, 5 робототехника кабинеттері, 24 ұлдар мен 23 қыздарға арналған шеберханалар сатып алынды. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, ата-аналардың психологиялық әл-ауқатын сақтауға және нығайтуға бағытталған Білім басқармасы жанынан Психологиялық қолдау орталығы ашылды. 10 білім нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді» деп пікір білдірді Ләззат Қызылқұлова.
Колледждерді халықаралық деңгейге шығару мақсатында Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығында халықаралық бөлім ашылды. Үздік колледжді анықтау, қолдау, ынталандыру мақсатында «Колледждер-лигасы» өткізілді. Колледждерге бір мамандығын «Бренд» мамандық ретінде оқыту тапсырылып, Жамбыл инновациялық жоғары колледжі «ІТ» және №7 Бетқайнар колледжі «Textile» мамандықтарын оқыта бастады.

Қалдырып кеткен жәйттарымыз болса пікір ретінде қалдыра кетіңіздер.

Тегтер: білім басқармасыБІЛІМ САЛАСЫ

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты