Бүгін әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 114 жыл толып отыр.
Бауыржан Момышұлы – аңызға айналған алып тұлға. Ол ар мен намысты бәрінен биік қоя білді.
Біртуар перзент, баһадүр Баукеңді елдік пен ерліктің киесі, батырлық пен батылдықтың иесідесек қателеспейміз!
Батырдың туған жері Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы музейде болғанымда тұғырлы тұлға туралы тың деректерге қанығып, өткенінің өнегесі мен тағылымына тереңдей түстім.
Бауыржан сардар кемел ойлы кемеңгер. Оның «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындық», «Ерлік — елдік қасиеті, жүректілік — жігіттің қасиеті», «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құл болмайды» секілді қанатты сөздері бойға күш-қуат қосып, қайрат-жігер сыйлайды.
Қазақ халқы барда, адалдық пен адамдықтың, әділдік пен ізгіліктің жаршысы – батыр Баукең мәңгі жасай бермек!
Бауыржандай айбатты, қайратты, намысты ұрпағымыз көп болсын!
Ербол Қарашөкеевтің телеграм-арнасынан