• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Ербол Қарашөкеев Тараз қаласының тұрғындарымен кездесті

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласының тұрғындарымен кездесті.

21.12.2024
0
Ербол Қарашөкеев Тараз қаласының тұрғындарымен кездесті
52
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Алдымен Ербол Қарашөкеев халықты облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4,1 пайызды құрады.

814,7 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. 239,3 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға артты.

Ербол Қарашөкеев Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып отырғанын атап өтті.

Көне шаһарға тартылған инвестиция көлемі 5,3 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 2,8 пайызға артқан. Баспана кезегінде тұрған азаматтарға 317,4 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Биыл Тараз қаласындағы М-1 жылу магистралінің 4,1 шақырымы қайта жаңғыртудан өтті. 2025 жылы М-3 жылу желілері мен жылу магистралін жаңарту жоспарлануда.

Бұдан соң Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков халық алдында есеп берді.

Негізгі баяндамалардан кейін тұрғындар көкейлерінде жүрген сауалдарын ортаға салды. Атап айтқанда, жарық, жол, байланыс, ауыз су мәселесін көтерді, сондай-ақ әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізу, бағдаршам орнату, жаяу жүргіншілер жолағын салу бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.

— Тараз қаласында тұрғын үйге, жылуға, көше жарығы мен жолына қатысты көкейкесті мәселелер бар. Дегенмен аталған түйткілдердің түйінін бірден тарқату мүмкін емес. Оған уақыт пен қаржы керек. Бүгінде нақты жоспарға сәйкес мәселелер рет-ретімен шешімін тауып келеді, – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев Тараз қаласының әкімдігіне халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше назар аударып, тұрғындардың, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған шараларды жандандыруды тапсырды.

Сонымен бірге құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді, қала аумағын абаттандыру, санитарлық тазалық шараларын тұрақты бақылауға алуды, азық-түлік, жанар-жағармай, сұйытылған газ тапшылығын болдырмау мақсатында кәсіпкерлермен жүйелі жұмыс жүргізуді жүктеді. Ең бастысы, халықпен тұрақты кері байланыс орнатып, олардың мәселелеріне дер кезінде жауап беруді міндеттеді.

Кездесуден кейін облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Айта кетейік, Жамбыл облысында бүгінге дейін барлық деңгейдегі әкімдер 758 кездесу өткізіп, халықтың 2 745 мәселесіне құлақ түрді. Оның 2 053-і шешімін тапты, 452 түйткілге түсінік берілілсе, 240 сауал бақылауға алынды.

Жамбыл облысының әкімдігі

Тегтер: Ербол ҚарашөкеевЖамбыл облысыкездесуТараз

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты