• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Доллар бағасы жұртты алаңдатты: Ұлттық банк мәлімдеме жасады

Ұлттық банк доллар бағасына қатысты мәлімдеме жасап, жағдайды түсіндірді.

28.11.2024
0
Доллар бағасы жұртты алаңдатты: Ұлттық банк мәлімдеме жасады
25
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ұлттық банк мәліметінше, бірқатар фактор әсерінен теңгенің айырбас бағамы АҚШ долларына шаққанда 500 теңгеге жеткен.

«Қазір биржадағы сауда-саттық 1 АҚШ доллары үшін 518-519 теңге аралығында өтіп жатыр. Кешегі күннен бастап 2,4 пайызға әлсірегендіктен, 28 қарашадағы теңгенің орташа сараланған бағамы — АҚШ доллары үшін 512,58 теңге», — деп жазылған хабарламада.

Ұлттық банк сыртқы және ішкі факторлар валюта бағамына теріс әсер ететінін мәлімдеді.

«АҚШ долларының жаһандық нығаюы, шикізат құнының өзгеруі және әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуі сияқты бірқатар сыртқы фактор өзгеруі аясында дамушы нарықтардағы валюталардың теріс динамикасы барлық жерде байқалады. Негізгі әлемдік валюталарға қатысты АҚШ долларының бағамын бақылайтын DXY индексі ай басынан шамамен 2,2 пайызға нығайып, 106,2 пунктке дейін өсті (28 қарашада). ЕМ валюталарының индексі ай басынан 3,0 пайызға төмендеді (28 қараша бойынша)», — деп жазылған хабарламада.

Ресми ақпаратта доллардың күш алуы шикізат тауарлары үшін әдеттегідей теріс фактор екені айтылды. Ұлттық банк мәліметінше, мұнай бағасының тым құбылуы, сол секілді Трамптың президенттік кезеңінде АҚШ-тан мұнай жеткізілімдерінің артуы мен мүмкін болатын сауда баждарына қатысты ұсыныстың артуына әкеледі деген экономистердің болжамдарынан пессимистік сарын байқалады.

Ұлттық банк рубль бағамына қатысты жағдайды да түсіндірді.

«Ресей Федерациясының қаржы секторына қарсы жаңа санкциялар енгізу аясында елдің негізгі сауда серіктестерінің бірінің валютасы — Ресей рублі әлсірей түсті. Осылайша, биржада юань/рубль жұбының бағамы юань үшін 15,1 рубльге жетіп, қарашаның басынан бастап 11,2 пайызға әлсіреді. Forex Халықаралық валюта нарығындағы доллардың айырбас бағамы 1 доллар үшін 114,5 рубльден асты, ал рубль айдың басынан бастап 18 пайызға әлсіреді», — деп жазылған хабарламада.

Биыл қарашада сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 238 млн АҚШ долларына жеткен, бұл былтырғы қарашадан (193 млн АҚШ доллары) 1,5 есеге жуық және тамыз-қыркүйек айларындағы сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемінен едәуір жоғары.

«Осы факторлардың жиынтығы теңге бағамына қысым жасайды, кейбір кезеңдерде сауда-саттық барысында алып-сатарлық қысымға жағдай жасай отырып, валюта нарығындағы теңгерімді бұзғаны және өтімділіктің төмендігі байқалады. Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізеді», — деп жазылған хабарламада.

Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізуді жалғастыруға дайын екенін хабарлады.

Валюта интервенциясы — шетелдік валютаны көп көлемде сатып алу не сату арқылы Ұлттық банктің валюта нарығы мен бағымына ықпал етуі. Бұл — мемлекеттің экономиканы реттеудегі ең басты құралдарының бірі.

Айта кетейік, бүгін сағат 11:00-де Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 513,20 теңгеге сатылып, 505,10 теңгеге сатып алынды. Кейбір айырбастаушылар АҚШ валютасын 515 теңгеден сатты.

Алматыда америкалық валютаны 512,87 теңгеге сатып, 507,50 теңгеге сатып алды. Кейбір ақша айырбастау орындарында доллар 516-518 теңге аралығында сатылып жатыр.

Тегтер: доллартеңгеұлттық банк
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараз қаласында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

Тараз қаласында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

07.06.2025
Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады

Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады

07.06.2025
Алматыда жатақханалар құрылысы: инвесторларға арналған мемқолдау шаралары

Алматыда жатақханалар құрылысы: инвесторларға арналған мемқолдау шаралары

07.06.2025
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ЖАТТАП, 18-ші ЖАС ҚАРИ ТҮЛЕК АТАНДЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ЖАТТАП, 18-ші ЖАС ҚАРИ ТҮЛЕК АТАНДЫ

06.06.2025
Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

06.06.2025
ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды

ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды

05.06.2025
Шерзат ісі: сот үкімі шықты

Шерзат ісі: сот үкімі шықты

05.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский