Мәселен, жуырда ғана Тараз қаласында орналасқан Жамбыл облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған ортақ мүлікті бөлу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен шешілді.
Аталған істі қарау кезінде судья талап қоюшы Т есімді азамат пен жауапкер Д есімді азаматқа медиативтік келісімге келудің артықшылықтарын түсіндіріп, мәселені медиация тәртібімен реттеуді ұсынған. Нәтижесінде қос тарап бұл дауды медиация тәртібімен шешуді ұйғарады. Осылайша, келісімге сәйкес, ортақ меншіктегі жылжымайтын мүліктері – 2-бөлмелі пәтердің бағалау құнымен және әрқайсысының үлесі екіден бір болатындығымен келіседі. Сондай-ақ, талап қоюшы Т есімді азамат жауапкер Д есімді азаматқа пәтердің жарты құнын төлеуі тиіс. Бұл үшін жауапкер жылжымайтын мүлікке қатысты құқығынан бас тартуға міндеттелді.
Азаматтық іс бойынша медиация келісімі бекітіліп, іс сот өндірісімен тоқтатылды. Ал, мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.