• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалау күшейтілді

18.10.2024
0
Қазақстанда жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалау күшейтілді
43
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Көлік министрлігі Қазақстан жолдарында автобустар мен жүк көлігі жүргізушілерінің жолаушыларды, багажды немесе жүкті тасымалдау кезінде еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылау бойынша ауқымды акция өткізуде. 9 қыркүйекте басталған акция 9 қазанға дейін жалғасады.

Көлікті басқарудың күнделікті ұзақтығы қолданыстағы қағидаға сәйкес 9 сағаттан аспау керек. Төрт жарым сағат бойы үздіксіз басқарғаннан кейін, жүргізуші кемінде 45 минут үзіліс жасауға тиіс.

Акция басталғалы Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің қызметкерлері жалпы сомасы 4 миллион теңгеден астам әкімшілік құқық бұзушылық туралы 218 хаттама толтырды.

«Акция еліміздің барлық өңірінде өтіп жатыр. Тахограф бұл жүргізушінің еңбек және демалыс режимін, қозғалыс жылдамдығын, жүріп өткен жолын үздіксіз тіркейтін сандық құрылғы. Бұл құрылғы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қалааралық және халықаралық тасымал барысында орын алатын жол көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі жүргізушінің режимді сақтамай, шаршауы немесе рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын асыруы болып табылады.
Акция автожолдардағы жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтамауын анықтау және алдын алуға бағытталған», — деді комитеттің бас сарапшысы Күнайым Кәмиева.

Жалпы бұл жұмыс тұрақты жүргізіледі. Жыл басынан бері 2 700-ден астам ауыр жүк көлігі мен автобус жүргізушілері еңбек және демалыс режимін бұзған. Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, хаттама толтырды. Айыппұлдың жалпы сомасы 48 млн теңгеден асты.

Анықтама үшін:

Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк көліктері, оның ішінде:

— қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды;
— жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
— жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық, қалааралық тұрақты тасымалдауды;
— жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық, қалааралық, ауданаралық тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын көліктер жатады.

Қағида талаптары сақталмаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 572-бабымен тасымалдаушыларға 10 АЕК-тен 50 АЕК (36 920 —  184 600 тг) аралығында, жүргізушілерге 10 АЕК (36 920 тг) көлемінде әкімшілік айыппұл көзделген.

ҚР КМ Көлік комитеті

Тегтер: еңбек демалысыжүргізушікөлік комитеті

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты