Тараз – қауіпсіз қала» жобасының шеңберінде ұйымдастырылған сайысты Тараз қаласының прокуратурасы, Тараз қалалық №1,2,3 пробация қызметі мен қала әкімдігінің спорт бөлімі бірлесе өткізген.
Тартысты өткен дода барысында қатысушылар 50 және 100 метрлік қашықтықта өзара кім мықтыны анықтайды. Ал, турнирге 30-31 жас аралығындағы бас-аяғы 50 адам қатысып, бақ сынасты. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль, диплом мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
– Бұл жарыс сотты болғандарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. «Тараз – қауіпсіз қала» жобасы алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз. Біздің басты міндетіміз – жаза басып, жаңылғандарды қоғамға қайта бейімдеу, олардың құқықтық сауатын арттыру әрі қайта қылмысқа бармауына жол бермеу, – Тараз қалалық №3 пробация қызметінің бөлім бастығы, әділет майоры Әлихан Хасенов.