Бұл ретте департаментке қарасты түзеу мекемелерінің өндірістік аймағына жергілілікті жеке кәсіпкерлерді тарту мен жаңа жұмыс көздерін ашу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Ал, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші азаматтарды Тараз қаласындағы бірқатар жеке кәсіпкерліктерде еңбек етуде. Мәселен, «Алель Агро» акционерлік қоғамында бас-аяғы 16 адам жұмыс істейді. Осылайша, ақы төленетін жұмысқа орналасқан олар мемлекет пен жәбірленушінің алдындағы берешектерін өтеп қана қоймай, өз отбасыларына да қаржылай көмек беруге күш салуда.
Айта кету керек, бүгінгі таңда дәл осы мекемеде 90-ға жуық адам жазасын өтеп жатыр.