• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
25.11.2026, 11:37
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында 960 отбасы МИКС халықаралық зерттеуінен өтеді

Жамбыл облыстық статистика департаментінің басшысы Мәдиев Сырым МИКС халықаралық зерттеуі туралы баяндама жасады.

Turan Redaktor Turan Redaktor
09.09.2024, 18:30
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында 960 отбасы МИКС халықаралық зерттеуінен өтеді
80
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстанда МИКС халықаралық зерттеуі өтеді

2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) басталды, ол еліміз бойынша 24 мың үй шаруашылығын қамтиды. Қазақстанның әлеуметтік саясаты мен статистика саласындағы маңызды зерттеуге толығырақ тоқталуға рұқсат етіңіздер.

Қазақстанда MICS зерттеуі төртінші рет жүргізіліп отыр. Бұған дейін ол 2006, 2010 және 2015 жылдары өткізілген.

Бұл зерттеудің мақсаты – балалар мен әйелдердің жағдайын бағалау үшін қажет негізгі көрсеткіштерді жинау.

Бұл іс-шараның маңызы зор, өйткені MICS-тен алынған мәліметтер бізге базалық көрсеткіштерді белгілеуге, мақсатты  анықтауға, ұлттық және халықаралық міндеттемелерді орындаудағы прогресті бақылауға мүмкіндік береді.

Біздің зерттеу Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігімен бірлесе отырып,  БҰҰ-ның халықты қоныстандыру қорының (ЮНФПА) және Азия даму банкінің қолдауымен жүргізіледі.

Биылғы жылы Қазақстандағы MICS-тің негізгі мақсаты – әйелдер мен балалардың денсаулығы мен әл-ауқатының жай-күйін бағалау және мониторингтен өткізу, сондай-ақ олардың дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша сенімді ақпарат алу. Бұл олардың әл-ауқатын тиімді бақылауға және ұлттық саясаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сауалнама денсаулық сақтау, тамақтану, білім беру, санитария, балаларды ерте жастан дамыту және басқа да көптеген аспектіні қамтитын сұрақтардан тұрады.

Зерттеу Қазақстанның 20 өңірін қамтиды, 2 қыркүйек пен 29 қараша аралығында еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 24 мың үй шаруашылығында сауалнама жүргізілетін болады.

Біздің облысымызда 960 отбасы зерттеуге түсті, оның ішінде:

Тараз қаласы — 144;
Байзақ ауданы  — 168;

Жамбыл – 96;

Жуалы – 72;

Қордай – 168;
Т.Рысқұлов – 72;

Мерке – 96;

Мойынкұм, Талас және Шу аудандары бойынша 48 отбасыдан.

Сарысу ауданы іріктемеге түспегендіктен зерттеуге қатыспайды.

Интервьюерлер –  ұлттық және халықаралық зерттеулерді жүргізуде тәжірибесі бар және БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі мамандарының Астана қаласында өткізген семинарында оқыған Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері. Бұл оқыту MICS бойынша далалық жұмыстарды жүргізудің негізгі аспектілерін қамтыды.

Сауалнамаға қатысу/қатыспау – азаматтартың өз еркінде. Заңнамаға сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан деректерді жинау процесіне араласуға жол берілмейді. Интервьюерлер Бюро, ЮНИСЕФ, АДБ және ЮНФПА логотиптері баркиім киіп, бейдж тағады. Әрбір бейджде сауалнама туралы сенімді ақпарат алуға болатын ресми веб-сайттың QR сілтемесі көрсетіледі.

MICS 2024 аясында бес негізгі сауалнама парақтары болады:

Үй шаруашылығының сауалнамасы

Әйелдерге арналған сауалнама

Ерлерге арналған сауалнама

Бес жасқа дейінгі балалар туралы сауалнама

Бес жастан он жеті жасқа дейінгі балалар туралы сауалнама.

Әр сауалнама тұрмыс пен денсаулықтың түрлі аспектілерін қамтиды. Барлық сауалнама бейінді мемлекеттік органмен келісілген және қажетті келісуден өткен.

Мысалы, әйелдер мен ерлерге арналған сауалнамада жұмыспен қамту және оқыту, неке, психикалық денсаулық мәселелері қамтылған.  Әйелдерге арналған сауалнамада босану және босанғаннан кейінгі көмек туралы қосымша сұрақтар бар.

Бес жасқа дейінгі балалар туралы сауалнамада – ерте жастағы балаларды дамыту, балаларды тәртіпке келтіру, иммундау мәселелері. 5-17 жас аралығындағы балалар туралы сауалнамада балалар еңбегі, ерте дағдыларды дамыту мәселелері қамтылған.

Сауалнамаға қатысу ерікті түрде өтетініне, алынған ақпарат анонимдігі қатаң сақталатынына және оның тек статистикалық мақсаттарда пайдаланылатынына назар аударғымыз келеді.  Сондықтан, интревьюерлеріміз баратын үй шаруашылықтарын осы зерттеуге түсіністікпен қарауға шақырамыз.  Респонденттер кез келген сұраққа жауап беруден бас тарта алады немесе кез келген уақытта сұхбатты тоқтата алады.

Барлық туындаған сұрақ бойынша жұмыс күндері Бюроның сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейтін 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Аталған зерттеу қорытындысы бойынша есеп Ұлттық статистика бюросының және ЮНИСЕФ сайтында жарияланады.

MICS іске қосылған 1996 жылдан бері 118 елде аталған зерттеу жүргізілген. MICS-тің осы жетінші раундына Қазақстанды қосқанда 27 ел қатысады.

Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тегтер: Жамбыл облысыМИКСОтбасыхалықаралық зерттеу
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

25.11.2026, 01:27

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

Данияр Альпеисов Луговой ауылының инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды

24.11.2026, 18:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.