Осынау жоба шеңберінде абайсызда немесе қасақана жағдайда қылмысқа барып, темір торға тоғытылған азаматтарға еркін өмірдегі құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндіріледі.
Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты қордайлық азаматша бостандыққа шықты. Ол 2021 жылдың қыркүйек айында Қордай аудандық сотының шешімімен Қылмыстық Кодекстің 189 бабының 3 бөлігі 1 тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.
Бұл күні жазасын өтеп шыққан нәзікжанды азаматшаға «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы шеңберінде босатылғаннан кейін жұмыспен қамту, кепілді медициналық және құқықтық көмек бойынша қажетті ақпарат беріліп, тиісті құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.