Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2024 жылғы 29 шілдедегі №607 Жарлығымен Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып Ғалым Батырбекұлы Құлекеев тағайындалды.
Ғалым Батырбекұлының соңғы қызметі Жамбыл облыстық сотының судьясы лауазымы.
Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі болып Досбол Батырбекұлы Құлекеев қызмет етуде.
Батырбек Құлекеев Жамбыл облысы Талас, Байзақ, Жуалы аудандарының әкім болған. Тараз қаласының мәслихат төрағасы (2015-2022 ж.ж.), қазіргі таңда «Қазфосфат» ЖШС Басқарма төрағасының кеңесшісі болып қызмет етуде.