ӨКҚ алаңында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшының орынбасары Байқадам Дүйсенбаев Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің 6 айда атқарылған жұмысына қатысты брифинг өткізді.
2024 жылдың жартыжылдығында Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 528 өтініш келіп түсті.
Сауда қызметі саласында 83 жазбаша өтініш түсті.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 445 өтініш қаралды.
Есептік кезенде департаментке келіп түскен өтініштердің 313 өтініші толығымен қанағаттандырылды, бұл 66,0% құрайды, сонымен қатар тұтынушыларға 13,7 миллион теңге қайтарылды.
2024 жылдың 6 айында Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың өтініштері бойынша бизнес субъектілеріне жоспардан тыс 68 тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесінде 58 бұзушылық анықталды. 45 ұйғарым енгізілді, құқық бұзушыларға ескерту түрінде 44 әкімшілік жаза және жалпы сомасы 544 570 теңгеге айыппұл түрінде 7 жаза қолданылды.
Сонымен қатар, 7 субъектіге 1 576 484 теңге сомаға тексеру жүргізбей айыппұл салынып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 4 тексеріс тараптардың келісімімен аяқталған.
Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі