Жаңа басшыны филиал ұжымына Қордың «Адами ресурстарды дамыту» департаментінің директоры Талғат Берекетов таныстырды.
Ләззат Алимова Шымкент қаласында туылған, білімі жоғары.
Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының магистратурасын тәмамдаған.
Емдеу ісі, қоғамдық денсаулық сақтау және экономист мамандықтарын меңгерген. Медицина саласында 42 жыл еңбек тәжірибесі бар.
2021 жылдан бері ӘМСҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры қызметін атқарып келген.
Филиалдың қызметкерлерімен өткен жиында Қордың «Адами ресурстарды дамыту» департаментінің директоры Ләззат Барлықбайқызының үлкен жұмыс тәжірибесі бар екендігін атап өтіп, қызметіне сәттілік тіледі.
Бұған дейін ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры қызметін атқарып келген Құралбек Сәбит Райымбекұлы ротациялық тәртіппен ӘМСҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры қызметіне ауысты.
TURANINFO.KZ