Кез келген салада ұрпақтар сабақтастығы болуы тиіс. Өйткені, талай сыннан сүрінбей өткен аға буын өкілдерінің кейінгі жастарға берер тәлім-тәрбиесі мол. Қазіргі таңда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі саласында бұл игі іс жүйелі жүзеге асып келеді.
Бүгін өңірлік ҚАЖ департаментінің ғимаратында сала ардагерлері мен жеке құрам қызметкерлері кезекті рет бас қосты. Мән-мазмұны жоғары жиын барысында департамент бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжанов ардагерлердің еліміздің құқық қорғау саласының дамуына ерен еңбек сіңіргенін атап өтіп, олардың өнегелі жолы бүгінгі қызметкерлерге үлгі екенін жеткізді. Ол өз сөзінде ҚАЖ саласында алдыңғы буын өкілдерімен кездесу игі дәстүрге айналғанын айтты.