Күйеуінен зорлық көрген тұрғын Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкіліне хабарласқан.
Уәкіл өкілі Жамбыл облысының Полиция департаменті мен Әкім аппаратына ер адамға қатысты тиісті шара қолдану туралы ұсыныс хат жолдады.
Нәтижесінде, арызданушының күйеуі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің екі бабы – «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» және «Қорғау нұсқамасын бұзу» бойынша кінәлі деп танылды, осыған байланысты оған 15 және 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, жәбірленушіге психологтың қатысуымен психологиялық-диагностикалық жұмыс жүргізіп, оны облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналастыру ұсынылды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі